• Apr 3 2023 - 20:41
  • 28
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Ирандық қолөнерші Алматыда шеберлік дәрісін өткізді

Бүгін сәуірдің 3 күні Алматыдағы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ирандық қолөнер шебері Хамид Карими «Фирузе куби» – көгілдір ақық таспен мыс бұйымдарының бетін әшекейлеп, безендіру бойынша шеберлік дәрісін өткізді.

 

Бүгін сәуірдің 3 күні Алматыдағы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ирандық қолөнер шебері Хамид Карими «Фирузе куби» – көгілдір ақық таспен мыс бұйымдарының бетін әшекейлеп, безендіру бойынша шеберлік дәрісін өткізді.

Дәрістің басында Алматыдағы Иранның Бас консулдығының атташесі Хосейн Ағазаде кіріспе сөз сөйлеп, аталмыш өнердің Иран қоғамындағы орнына, өткізілетін дәрістің шебердің тәжірибесі мен біліктілігі тұрғысынан маңыздылығына тоқталды.

«Хамид Карими қолөнер бұйымдары» сауда белгісімен исфаһандық қолөнер бұйымдарын өндіруші ирандық шебер Хамид Карими дәріске қатысқан студенттер мен өнер сүйер көрермендерге алдымен бағалы көгілдір ақық тастың қасиеттеріне тоқталып, өз ісінің егжей-тегжейі мен қолөнер бұйымын жасаудың әрбір кезеңінде атқарылатын үдерісті баяндады. Дәріс барысында көңілдері қалаған студенттер шебердің кеңесі арқылы кезек-кезек өз қолдарымен көгілдір ақық тастарын алдын ала дайындалған материал – шағын мыс көзенің бетіне желімдеп, тізіп үйренді. Өнердің осы түрі мен материалдарға қатысты ұстазға көптеген сұрақ қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді. Дәрістің соңында студенттер ирандық шебермен естелік суретке түсті.

Айта кетейік, «Фирузе куби» мыс, жез, қола, күміс ыдыс-аяқ, әшекейлер мен сәндік бұйымдардың бетіне мозаикалық пішіндегі көгілдір ақық тастың ұсақ бөліктерін тізіп, желіммен жабыстыру арқылы жүзеге асырылатын өнер түрі. Бұл өнердің орталығы – Иранның Исфаһан қаласы.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: