Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдығына арналған «Отандық тарих ғылымы және сабақтастық мәселелері: академиялық ізденістер мен жаңа тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
.jpg)
2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ҚР ҰҒА академигі, институт директоры Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Ол институт тарихына тоқталып, отандық ғылымдағы орны мен халықаралық байланыстарын атап өтті.
Салтанатты ашылу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ғылыми мекемелерінен, сондай-ақ шетелдік серіктес ұйымдардан келген мәртебелі қонақтар құттықтау сөздер айтты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Ұлттық ғылым академиясының өкілдері болды.
Сонымен қатар, конференцияға әртүрлі елдерден келген ғылыми институттардың профессорлары мен жетекші ғалымдары қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Атап айтқанда, Иран Мәдени орталығы басшысы, құрметті қонақ Хұсейн Ағазаде мырза құттықтау сөз сөйлеп, бүкіл Иран ғылыми орталықтары атынан институт ұжымын мерейтойымен құттықтады. Ол өз сөзінде екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жоғары бағалап, алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ осы уақытқа дейін институтпен бірлесіп 6 кездесу өткізгенін және 5 жас зерттеушіні Иранға ғылыми іссапарға қабылдағанын атап өтті.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты өз кезегінде Хұсейн Ағазаде мырзаны ғылым мен ынтымақтастық жолындағы еңбегі үшін арнайы « Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен» марапаттап, сыйлы қонақ ретінде қазақтың дәстүрлі құрмет нышаны – шапан жапты.
Конференция барысында ғылыми баяндамалар тыңдалып, түрлі елдерден келген тарихшы-ғалымдар өзара пікір алмасты. Әлемдік тарихи үрдістер мен ұлттық тарихты зерделеудегі жаңа әдіснамалық бағыттар талқыланды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, Қазақстандық тарих ғылымының дамуындағы маңызды кезең ретінде ғылыми қауымдастыққа зор серпін берді.
Пікір қалдырыңыз.