• Mar 18 2025 - 15:20
  • 9
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Қазақстан Өнер академиясында Иран мен Қазақстан достығының көркемдік байқауы өтті

18 наурыз 2025 жылы Иран Мәдени орталығы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бірлесіп, екі ел арасындағы достықты нығайтуға арналған ерекше шара – “НАУРЫЗНАМА” өнер байқауын өткізді. Бұл іс-шара Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қабырғасында болып өтті

18 наурыз 2025 жылы Иран Мәдени орталығы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бірлесіп, екі ел арасындағы достықты нығайтуға арналған ерекше шара – “НАУРЫЗНАМА” өнер байқауын өткізді. Бұл іс-шара Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қабырғасында болып өтті.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ және иран халықтарының терең байланысын өнер арқылы паш ету. Иран Мәдени орталығының бастамасымен қолға алынған шарада талантты жастар Иранның көрікті жерлерін, тарихи мекендерін, табиғат байлығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақ ұлы тұлғаларының бейнесін шығармашылықпен суреттеп, шеберліктерін сынады. Байқауға академияның 24 студенті қатысып, өз туындыларын ұсынды.

Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

  • 1-орын: Серікбаева Хадиша, 2-курс студенті
  • 2-орын: Тастанбек Жарқын, 3-курс студенті
  • 3-орын:
    1. Мадый Аяжан, оқу шебері
    2. Мәсмақытов Әбілмансұр, 1-курс студенті
    3. Тасшабаева Лейла, 2-курс студенті
    • 4-орын:
    1. Кульчинбаева Кьяра, 3-курс студенті
    2. Баранкулова Аружан, 1-курс студенті
    3. Сайдиллахан Аида, 4-курс студенті
    • 5-орын:
    1. Абдуль Амаль, 3-курс студенті
    2. Турабаева Мерей, 4-курс студенті
    3. Мусабекова Альмира, 3-курс студенті
    4. Зейнолла Динара, 4-курс студенті
    5. Лесалы Айдана, 4-курс студенті

Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Барлық студентке естелік ретінде «Бір беттік кітап» сыйға берілсе, жүлделі орын иеленгендерге қосымша ақшалай сыйақылар ұсынылды.

Иран Мәдени орталығының өкілі Ағазаде мырза Өнер академиясының ректоры Жудебаев Арман мырзаға, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділдә мырзаға және шараға қолдау көрсеткен ұстаздарға алғысын білдіріп, оларға алғыс хаттар тапсырды. Өз кезегінде академия ректоры Ағазаде мырзаға ризашылық білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

Бұл байқау екі елдің мәдени байланысын нығайтып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға септігін тигізді. “НАУРЫЗНАМА” шарасы Наурыз мейрамының рухын асқақтатып, достық пен өнердің тоғысқан үлгісіне айналды.

Almaty Kazakhstan

Almaty Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: