• Jun 2 2023 - 18:06
  • 247
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

«Имам Хомейнидің (р.а.) Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымағын құрудағы рөлі» атты конференция өтті

Иранның Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстандағы мәдени өкілдіктері мен әл-Мұстафа (ғ.с.) университетінің Орталық Азиядағы аймақтық бақармасының әріптиестігімен «Имам Хомейнидің (р.а.) Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымағын құрудағы рөлі» атты онлайн конференция өтті.

Иранның Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстандағы мәдени өкілдіктері мен әл-Мұстафа (ғ.с.) университетінің Орталық Азиядағы аймақтық бақармасының әріптиестігімен «Имам Хомейнидің (р.а.) Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымағын құрудағы рөлі» атты онлайн конференция өтті.

Имам Хомейнидің (р.а.) дүниеден өткен күніне орай Иран Ислам Республикасының Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстандағы мәдени өкілдіктері мен әл-Мұстафа (ғ.с.) университетінің Орталық Азиядағы аймақтық басқармасының қатысуымен, Құмдағы әл-Мұстафа университетінің қысқа мерзімді білім беру және оқу мүмкіндіктері институтында «Ислам әлемінде бірлік пен ынтымақты құрудағы имам Хомейнидің (р.а.) рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Бұл конференцияға Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан баяндамашылары онлайн түрде қатысты.

Осы конференцияда Иранның Қырғызстандағы мәдени өкілі Абузар Тоуғани «Имам Хомейни (р.а.) ойындағы мұсылмандарды ілгерілету стратегиясы ретінде бірлік мәселесіне көзқарас» атты баяндамасында, Құран көзқарасы тұрғысынан бірлік түсінігі және мұсылман қоғамдарына лайықты бірлік түрлеріне тоқталып, имам Хомейнидің көзқарасы бойынша бірліктің сипаттарын зерделеді. Сөзінің жалғасында: «Ол саяси және идеологиялық көзқарастар мен идеяларда айырмашылықтардың бар екеніне сенді. Имам басымдық берген мәселе стратегиялық бірлік немесе ақылға негізделген бірлік болды. Имам Хомейнидің бірлік туралы ойларын жай ғана идеализм деп атауға болмайды, керісінше бұл ой реализм мен нысаналылыққа негізделген» деді.

Ираннық Қырғызстандағы мәдени өкілдігінің үйлестіруімен осы конференцияға аталмыш елдің Талас қаласының соты Сәлімбек Хосейниалиев те қатысып, имам Хомейни (р.а.) революциясы және оның исламдық бірліктегі рөлі туралы онлайн баяндама жасады.

Сонымен қатар, осы конференцияда Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі Талеби Матин, Өзбекстандағы Иранның мәдени кеңесшісі Карами, әл-Мұстафа университетінің қысқа мерзімді білім беру институтының жетекшісі Ахмади Мианджи, Әл-Мұстафа университетінің халықаралық істері жөніндегі проректоры доктор Ганбари, Қазақстан тарапынан Жамбул Мукушев пен Али Асқар Назари, Өзбекстан тарапынан Азамат Акбаров имам Хомейнидің (р.а.) мұсылмандар арасындағы бірліктегі рөлі туралы мақалалары мен пікірлерін ортаға салды.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: