«Ортақ өркениеттік аймақтағы Низамидің поэзиялық мұрасы» атты конференция өтті
Иранның Алламе Табатабаии университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университенінің ұйымдастыруымен Низами Ганджавиді ұлықтау күніне орай 12 наурыз күні «Ортақ өркениеттік аймақтағы Низамидің поэзиялық мұрасы» атты ғылыми конференция онлайн түрде өтті.
Иранның Алламе Табатабаии университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университенінің ұйымдастыруымен Низами Ганджавиді ұлықтау күніне орай 12 наурыз күні «Ортақ өркениеттік аймақтағы Низамидің поэзиялық мұрасы» атты ғылыми конференция онлайн түрде өтті.
Конференцияны Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзаде Сабер бастады. Ол алдымен конференцияны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Низамидің парсы мәдениеті мен әдебиетінің тіректерінің бірі екенін атап өтті.
Иранның Нұр-Сұлтандағы мәдени кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин өз сөзінде жыл сайын 12 наурызда Низамиді ұлықтау күні аталып өтетініне тоқталып: «Хакім Низами – парсы поэзиясының бір діңгегі ретінде қарастыруға тиісті ақындардың бірі әрі сөз шебері. Қазақстанның классикалық дәуіріндегі ақындары парсы ақындарының шығармашылығымен таныс болған, оның ішінде қазақ поэзиясында Абай Құнанбаевтың Хакім Низамидің Ләйлә мен Мажнун поэмасын қазақша жырлауы, парсы тілі мен әдебиетінің әрқашанда қазақ халқының арасында болғанын көрсетеді»-деді.
Сондай-ақ, конференция жалғасында Иранның Алматы қаласындағы бас консулы Мохсен Фағани, ҚазҰУ-ның профессоры, ирантанушы Ислам Жеменей, парсы тілі маманы, аудармашы Мақпал Қанағатова, ҚазҰУ-ның парсы тілі мен әдебиеті ұстазы Бахытгүл Базаркулова, Алламе Табатабаии университетінің ұстаздары Ғоламреза Мостали Парса мен Исмаил Таджбахш және ҚазҰУ-ге шақыртылған Алламе Табатабаии университетінің ұстазы Оуранг Изади сөз сөйлеп, танымал парсы ақыны Низами Ганджавидің шығармашылығының маңыздылығын атап өтті.
Пікір қалдырыңыз.