• Oct 1 2023 - 17:46
  • 131
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

Еуразия Ұлттық Университетінің ирантану кабинетінде Мәулана Жалаладдин Румиді ұлықтау кеші өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ирантану кабинетінде көрнекті ирандық ақын, сопы және теолог Мәулана Жалаладдин Румиді ұлықтау кеші өтті.

Иранның көрнекті ақыны, сопы Мәулана Жалаладдин Мұхаммед Балхиді еске алу кеші Иранның Қазақстандағы өкілетті елшісі Али Акбар Джокар және мәдени  істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Мирас Қосыбаев, сондай-ақ парсы тілінің бір топ профессорлары мен парсы тілі және ирантану кафедрасының студенттерінің қатысуымен осы университеттің ирантану кабинетінде өтті.

Кеште еліміздің елшісі Али Акбар Джокар Руми туралы және Иранның осы ұлы ақынының басқа елдердің ғалымдары мен ақсақалдарының алдындағы атақ-даңқы мен қадір-қасиетін тілге тиек етті. Ол Румиді атағы Иран топырағынан асып, әлемге танылған, шығармалары көптеген тілдерге аударылған ақын және мистик деп атады. Ол Руми өлеңдерінің маңыздылығын және халықтың бұл өлеңдерді оқып, түсінуге деген ықыласын Руми сөзінің көркемдігінен ғана емес, өлеңдерінің терең мағынасы мен ұғымдарынан, діни, мистикалық және өзін-өзі тану тұрғысынан терең түсінген деп келтірді.

Парсы тілінде оқитын студенттердің мәнерлеп өлең оқып жатқанын тыңдаған Джокар мырза олардың бұл өлеңдерді түпнұсқада, яғни парсы тілінде сақтау және таратуда Қазақстандағы рөлін маңызды деп санап, оларды осы істі жалғастыруға шақырды.

Жоғары оқу орындарында парсы тілінің сақталуы мен кеңеюіне байланысты ол өз университеттерінде осы тілді сақтау мен дамытуда өте ыждағаттылық пен белсенділік танытқан кейбір Еуропа елдерін және осы негізде тағы да Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығына және осы екі елдің көптеген ортақ тұстарына тоқталып, парсы тілін сақтау мен дамытуда осындай салтанатты керемет өткізудегі рөлін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ халықаралық қатынастар факультетінің деканы өз сөзінен кейін Қазақстанның ұлы ақыны Абай мен Руми сынды ұлы ақындардың өлеңдерін оқып-білудің маңыздылығына тоқталып, жастардың өмірі мен осындай бағдарламаларды студенттердің оқу іс-әрекетіне қосуды маңызды деп санап, қазіргі заманда руханияттың жоқтығына тоқталды. Ол сондай-ақ Еуразия университеті мен Иранның мәдени өкілдігімен бірлескен іс-шараларына тағы да тоқталып, алдағы уақытта Иранның мәдени өкілдігімен осындай ортақ кештер, кездесулер мен мәдени бағдарламаларды көбірек өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Келесіде еліміздің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Талеби Матин Румиді еске алу күнімен құттықтады. Ол Руми өлеңдерінің маңыздылығын Құран аяттарымен, парсы, арабша өлеңдермен, нақыл сөздермен, мақал-мәтелдермен көркемдеп, әсерлілігін арттырған тылсым, өнегелі, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің айтылуында деп санады. Ол парсы тілі мен ирантану курстарын жалғастыру және кеңейту, университет оқытушылары үшін парсы тілін оқыту курстарын өткізу және университет басшылығы мен студенттерінің күш-жігері мен белсенді қатысуымен университетте мәдени, ғылыми және әдеби бағдарламаның кез келген түрін өткізуді ерекше атап өтті.

Кеш соңында Руми өлеңдерін мәнерлеп оқуда үздік деп танылған үш студентке Иран Ислам Республикасының Елшілігі мен мәдени өкілдігінің тарапынан марапаттар табыс етілді.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: