• Oct 1 2024 - 13:20
  • 29
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы: Шәһид Насралланың қаны кек алудың символына айналады

Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Мұхаммад Мехди Иманипур Ливан исламдық қарсыласуының бас хатшысы шейіт Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты мәлімдеме жасады:

"ولاتحسبن الذین قتلوا فی سبیل الله اموات بل احیا عند ربهم یرزقون"

(Алла жолында соғысып өлтірілгендерді өлі санамаңдар. Жоқ, олар тірі, олар Алланың қасында! Әль-Имран сүресі)

Ливан Хезболласының жігерлі әрі моджәһид Бас хатшысы, шейіт Сейед Хасан Насролла Қасиетті Құдс армандарын жүзеге асыру жолындағы жылдар бойы күресіп, жалғанға қарсы ақиқат майданында құрбан болып, өзінің мәңгілік арманына қол жеткізді. Адамзат тарихындағы ең қатыгез әрі жауыз режимге қарсы күрескен мыңдаған шейіттердің қатарына қосылды. Жоғары билікке мойынсұнушылық, шыншылдық, мақсатқа табандылық, хабардарлығы мен қарсылық қозғалысына деген жүрек сенімі осы асыл шейіттің көрнекті қасиеттерінің бірі болды.

Сейед Хасан Насролла мұсылмандардың бірінші құбыласын сионистік басқыншылардан азат ету жолында өткен берекелі өмірінің соңғы сәттеріне дейін аянбай қызмет етіп, өзін және Ливанның исламдық қарсыласу қозғалысын басып алынған Газадағы дәрменсіз палестиналық балалар мен әйелдерді нысанаға алған зымырандарға қарсы қалқан етіп қойды.

Тіпті Эмад Муғние (қажы Ризван), Мұстафа Бадреддин, Фавад әш-Шакар және қарсыласудың басқа да серіктері сияқты шейіт болған қолбасшылардың қазасы оның өмірінің өзегіне айналған нұрлы әрі қасиетті жолдағы әрекеттеріне бір сәт те кедергі болмады және ақыр соңында Құдіретті Жаратушы жолында шейіт болу осы ұзақ жылғы күрестерінің сыйы болды.

Ливан исламдық қарсыласуының батыл әрі күшті жетекшісі Сейед Хасан Насралланың қасиетті жолда шейіт болуына орай Ислам революциясы жетекшісі хазірет Имам Хаменеи мен аймақтағы және әлемдегі қарсыласу қозғалысының серіктеріне көңіл айтамын.

Біз осы асыл шәһидтің таза қаны сионистік дұшпан мен осы қылмысты қолдаушылардан кесінді түрде кек алудың символына айналатынына сенімдіміз. «Хезболла жетекшісіне» қарағанда «Шейіт Насралла» жаһандық тәкаппарлықты жеңетіні сөзсіз.

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: