• Aug 21 2025 - 15:58
  • 18
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханасы басшысы орынбасарының Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің басшысымен кездесуі

Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігінің үйлестіруімен Иран Ислам Республикасының Астанадағы Мәдени өкілдігінің басшысы және Иран Ислам Республикасының Ұлттық мұрағат және кітапхана ұйымы басшысының орынбасары доктор Реза Шахраби Алия Мустафинамен, яғни Қазақстан Республикасы Президенті архиві басшысымен кездесу өткізіп, мұрағат ғимаратымен танысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты – елдің саяси тарихына қатысты 1918 жылдан бастап жинақталған құжаттарды сақтайтын жан-жақты мұрағат мекемесі. Бұл мұрағат жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік, құқықтық және тақырыптық сұраныстарын қанағаттандырып, оқу залы арқылы қорларына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

Астана қаласында өтіп жатқан Халықаралық IFLA конгресі аясында ұйымдастырылған бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Аирхиі басшысының орынбасары Роза Карибжанова, Халықаралық және білім беру жобалары орталығының басшысы Мұхаммед Жылгелдинов және Ғылыми-қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Нұрбек Шияхмет қатысты.

Кездесу барысында тараптар құжаттар мен мұрағат саласындағы ғылыми, зерттеу және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Алия Мустафина өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті Архиві құрылымы мен міндеттерін таныстыра отырып, бұл мекеменің ұлттық және тарихи құжаттарды сақтау мен пайдаланудағы мүмкіндіктері мен әлеуетін баяндады.

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының басшысы Иран Ислам Республикасының Ұлттық мұрағат және кітапхана ұйымымен әріптестікке дайын екенін білдіріп, ирандық тарапты 2026 жылдың қазан айында Қазақстанда өтетін Архивистердің үшінші халықаралық конгресіне қатысуға ресми түрде шақырды.

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты басшысының орынбасары доктор Роза Карибжанова Иранның бай тарихы мен өркениетіне тоқтала отырып, Иран Ислам Республикасын тарихи жәдігерлер мен мәдени мұраны қалпына келтіру мен қайта жаңғырту саласындағы жетекші ел ретінде атап өтті. Бұрын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетін басқарған Роза ханым Оңтүстік Қазақстандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты тарихи нысандарды мысалға келтірді. Бұл кесене Әмір Темір дәуірінде ирандық сәулетшілерді арнайы шақырып салдырылған. Сондай-ақ ол ирандық мамандардың көне қолжазбалар мен тарихи құжаттарды қалпына келтірудегі бірегей шеберлігін жоғары бағалап, екіжақты меморандум аясында ирандық мамандар өздерінің ерекше тәжірибесі мен шеберлігін қазақстандық әріптестерімен бөліседі деген үмітін білдірді.

Сондай-ақ осы кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің түрлі бөлімдеріне экскурсия ұйымдастырылды. Бұл экскурсия барысында құжаттар қоймасы, қалпына келтіру және сақтау зертханалары, цифрландыру бөлімі және көрме залдары таныстырылып, жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесудің жалғасында тараптар Иран Ислам Республикасының Ұлттық мұрағат және кітапхана ұйымы мен Қазақстан Республикасы Президенті Архиві арасында өзара байланыстарды жалғастыру, сараптамалық делегациялармен алмасу және ынтымақтастық туралы меморандум жасау мүмкіндіктерін нақты қарастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бөлімдерін аралағаннан кейін, Иран Ұлттық кітапханасының орынбасары доктор Реза Шахраби ханым доктор Алия Мустафинаға Иранның тарихи құжаттарына қатысты бір дана құнды кітапты сыйға тартты.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: