Қазақ тарихы парсы және араб деректері негізінде
ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессорлары, зерттеушілері және студенттерінің қатысуымен «Қазақ тарихы парсы және араб деректері негізінде: Архив-2025 жобасы аясында» атты ғылыми жиын өтті.
Ислам Республикасының Мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар ТалебиМатиннің қатысуымен өткен ғылыми-танымдық дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты – осы орталықтың сараптау комиссиясының 2022 және 2023 жылдардағы Теһранға сапары кезінде Иран Ислам Республикасы сыйға тартқан 11 қолжазба мен тарихи кітаптарды таныстыру болып табылады.
Салтанатты шарада ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Жандос Болдықов сөз сөйлеп, ИИР ғылыми және академиялық орталықтарында бар тарихи ресурстардың тарихты түсіндірудегі маңыздылығын атап өтті. Ж.Болдықов мырзаның айтуынша: ««Архив-2025» жобасын жүзеге асыруға Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігі көп көмегін тигізді және екі елдің ортақ тарихын ескере отырып, Иран Ислам Республикасының Қазақстан тарихына қатысты көптеген ресурстары бар және жақында әріптестеріміздің Теһран мен қасиетті Мешхедке жасаған сапарында 50-ден астам қолжазбалар мен тарихи кітаптар табылды». Ол сондай-ақ Иранның өткен жылдардағы мәдени өкілдіктің ынтымақтастығы мен қолдауына, соның ішінде Ислам республикасының ғылыми орталықтарында қазақстандық мамандар үшін қолжазбаларды қалпына келтіру және жөндеу курстарын өткізуге тоқталды.
Иран мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы арасындағы мәдени кеңес беру ынтымақтастығын кеңейту
Иранның Қазақстандағы мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Талеби Матин былай деді: «Қолжазбалар мен көне жазба деректер әр халықтың болмысын, тарихын айшықтайды және мұндай құжаттар әр халықтың өркениеттік алғышарттарын дәлелдейтін маңызды құралдардың бірі болып саналады».
Ол былай деп қосты: «Парсы және араб қолжазбаларының Қазақстан Республикасының болмысы мен өткенін танудағы маңызы өте зор. Қазақ билігінің игі амалдары мен стратегиясының бірі – өркениеттің астары мен тарихын жинақтау. Сондықтан бұл орталықтың ғалымдары Иран Ислам Республикасындағы тарихи қазынаны назардан тыс қалдырмауы қажет, себебі ол Қазақстанның болмысы мен тарихын дұрыс тануға көмектеседі».
Парсы тілін оқыту курсын өткізу және Қазақстандағы қолжазбаларды анықтау
Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі сөзін жалғастырып, былай деді: «Мәдени өкілдік қолжазбаларды сақтау, қалпына келтіру, аудару, мұрағаттау және санаттарға бөлуді үйрету мақсатында қазақстандық мамандармен ынтымақтасуға дайын және біздің күш-жігеріміз –барлық қабілеттерімізді пайдалану! Еліміздегі ғылыми, мәдени және діни орталықтардағы қолжазбалардың цифрлық көшірмелерін осы орталықтың сұранысы бойынша кезең-кезеңімен көшіретін боламыз».
Осы ғылыми басқосудың жалғасында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация және техникалық қызмет көрсету бөлімінің директоры Сырым Бұтабеков әр жылдардағы Иран Ислам Республикасына саяхаттап, қолжазбаларды қалпына келтіру және техникалық қызмет көрсету курстарына қатысу тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы, Ислам кеңесі кітапханасы, Құжаттар ұйымы, Құдс Разави облысының кітапханалары, Малик кітапханасы және басқа да ғылыми және академиялық орталықтардағы сапарларының фотосуреттерін ұсынып, жетістіктерімен таныстырды.
Алмат Әбсәліков, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы орталық делегациясының соңғы рет Иран Ислам Республикасына жасаған сапары барысында анықталған және Иран мәдени өкілдігінің қолдауы мен көмегі арқылы Қазақстанға әкелінген қолжазбалар мен көне кітаптар туралы да айтты. Сондай-ақ, Еуразия ұлттық университеті мен Астана қаласындағы ғылыми-академиялық орталықтардың профессорлары мен зерттеушілері Иранның мәдени кеңесшісінің сөздері мен қазақ ұлтының болмысын тануда көрсеткен көмегіне ризашылықтарын білдіріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры Ағжігіт Әлібекұлы шет мемлекеттерден алынған тарихи дереккөздердің патологиясын, соның ішінде шығыс тілдерінің, әсіресе парсы тілінің мамандары мен аудармашыларының жетіспеушілігіне тоқталып, осы орталық мамандары мен Астана қаласындағы ЖОО-дағы тарих факультетінің студенттеріне парсы тілі мен ирантану курстарын өткізуді талап етті.
Осы ғылыми басқосу соңында басқа да қатысушы профессор-оқытушылар мен студенттер де өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, мәдени істер жөніндегі кеңесшісі мен Ұлттық қолжазба орталығының басшысы осы жиынға қатысқан қауымның сұрақтарына жауап берді.
Еске сала кетсек, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Архив-2025» жобасын іске асыру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, осы жоба аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары әлемнің әртүрлі елдеріне, соның ішінде қазақ ұлтының әр ғасырлардағы тарихи болмысының әр қырын айшықтайтын тарихи дереккөздерді жинау мақсатында Иран Ислам Республикасына сапар шеккен болатын.