• Sep 13 2023 - 17:20
  • 105
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иран мен Қазақстанның мәдени және діни қарым-қатынастарын кеңейтудегі табандылығы

Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени және діни қарым-қатынастардың кеңеюіне еліміздің елшісі мен мәдени істер жөніндегі кеңесшісі және ҚР-ның Бас мүфтиі ерекше тоқталды.

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джокар және мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен жүздесіп, әңгімелесті.

Қазақстанның Бас мүфтиі елімізге жасаған сапары және Гүлістан провинциясында өткен ислам діндерін жақындастыру конференциясына қатысқан естеліктерін мысалға келтіре отырып: «Қазақстан мен Иранның мәдени және діни қарым-қатынастарды кеңейту үшін зор мүмкіндіктері бар», - деді.

Наурызбай қажы Тағанұлы былай деп қосты: «Қазақстанда 3 мыңнан астам мешіт бар және бұл мешіттердің барлық істерін қадағалау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының міндеті».

Мұсылмандардың түрлі өлшемдегі сын-қатерлерін шешу мақсатында ислам елдерінің көзқарастарын біріктіру және жақындастыру мақсатында халықаралық жиын өткізуді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ең тиімді шараларының бірі деп санады.

Бас мүфти сөзін былай деп жалғастырды: «Бұл жиын биыл әлемнің 80 елінен 150-ден астам ойшылдың қатысуымен өтіп, қасиетті Құранға тіл тигізу мәселесі айыпталып, осы конференцияға қатысушы елдер осы зұлым қастандықтың негізгі себептерімен күресуді талап етті және еліміздің президенті де өз мәлімдемесінде бұл сорақы әрекетті айыптап, осындай арам пиғылды және өшпенділікпен жасалған қастандықтардың тамырына балта шабуды талап етті».

Еліміздің Қазақстандағы елшісі де өз сөзінде: «Ислам – мейірім діні, ал ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мейірім мен мейірімділік пайғамбары және үкіметтің, әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған саясаты ұстамды саясат және Қазақстан Президентінің Құран Кәрімді қорлау кезіндегі мәлімдемесінде бұл қорлау әрекетін айыптап, мұндай әрекеттердің алдын алуды және оған қарсы тұруды талап еткеніне қуаныштымыз».

Джокар мырза Қазақстанның діни диалогтарды өткізудегі орталық рөлін жоғары бағалап, былай деді: «Мұндай кездесулер мен диалогтар әртүрлі діндердің көзқарастарын жақындастырып, қиындықтарды азайтып, дағдарыстарды еңсерудің практикалық шешімдерін ұсынады және осы орайда  ҚМДБ- ның рөлі мақтауға тұрарлық».

Осы кездесуден кейін еліміздің елшісі Қазақстанның Бас мүфтиін биыл Теһранда өтетін «Ислам діндерін жақындастыру» жөніндегі конференцияға қатысуға шақырды.

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: