• Dec 1 2023 - 14:49
  • 174
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иран мен Қазақстанның университеттерінде парсы және қазақ тілдері топтарын құруға күш салу

ИИР Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Филология факультетінің деканы арасындағы кездесуде ынтымақтастық тақырыптары, соның ішінде осы факультетте парсы тілі кафедрасын және Алламе Табатабай университетінде қазақ тілі кафедрасын құруға баса назар аударылды.

Иран Ислам Республикасының мәдени кеңесшісі Алиакбар Талеби Матин Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Филология факультетінің деканы Бисенбай Ардақ Бақытұлымен кездесті. Кездесуде Иранның мәдени өкілдігі мен осы университеттің филология факультеті арасындағы ынтымақтастықтың бірнеше маңызды бағыттары талқыланып, пікір алмасылды.

Мәдени кеңесші екі қуатты – Иран мен Қазақстан арасындағы маңызды өзара іс-қимылдарға тоқталып, Иран мен Қазақстан университеттері , соның ішінде ЕҰУ арасында, әсіресе соңғы жылдары жасалған көптеген өзара түсіністік туралы меморандумдарға назар аударды. Ол Қазақстанның маңызды және жетекші университеттерінде парсы тілін оқытудың маңыздылығына тоқталып, бір жағынан екі ел арасындағы экономикалық саланың дамуына байланысты парсы тілін үйренудің маңыздылығын атап өтті.

Және де парсы тілі мен Қазақстан тарихының байланысын көтеріп, «бұл елдің тарихи деректерін білу парсы тілін үйренуге байланысты»,- деп санады.

Келіссөздердің екінші бағыты – екі университет студенттеріне екі елдің тілі мен мәдениетін жақсырақ түсіну үшін осы факультетте ирантану және парсы тілі кафедрасын және Ирандағы Алламе Табатабаи университетінде қазақ тілі кафедрасын құру болды. Екі елдің танымал тұлғаларын таныстыру мақсатында бірқатар кездесулер өткізу және екі елдің көрнекті университеттері арасында басқа да ғылыми-мәдени кездесулер өткізу осы әңгіменің басқа бағыттарының біріне айналды. Осы кездесуді жалғастырған Филология факультетінің деканы Ардақ Бақытұлы айтылған ұсыныстарды құптап, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың жақсы екенін айта келе, қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақ тілі мен әдебиетінің білгір маманы, Филология факультетінің деканы Иран елі мен парсы тілі мен әдебиетіне деген ықыласын айтып, келіссөздер жүргізілген ынтымақтастық салаларында көмектесуге және ыждағаттылықпен атқаруға уәде берді.

Басқосу соңында Талеби Матин мырза факультет деканына Хабиболла Айатоллаһидің қазақ тіліне аударылған «Иран өнерінің тарихы» атты кітабын сыйға тартты.

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: