• May 4 2022 - 12:28
  • 398
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Құран каллиграфиясы көрмесі өтті

Құран каллиграфия көрмесі Қазақстанның Нұрсұлтан қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде осы университет әкімшілігі, сондай-ақ, Қазақстандағы Иран елшілігінің Мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен және Иранның Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының халықаралық насихат кеңсесінің қолдауымен өтті.

Құран каллиграфия көрмесі Қазақстанның Нұрсұлтан қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде осы университет әкімшілігі, сондай-ақ, Қазақстандағы Иран елшілігінің Мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен және Иранның Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының халықаралық насихат кеңсесінің қолдауымен өтті.

Ашылу салтанатына Еуразия ұлттық университетінің ректоры Садықов Ерлан Батташұлы, Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Мәдени жөніндегі өкіл Әли Акбар Талеби Матин, осы университеттің орынбасарлары, әкімшілер, профессорлар мен студенттер қатысты. Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Садықов мырза осындай көрмені өткізуге көмектескен Иранның Мәдени өкілдігі мен Елшілігіне алғысын білдіріп, Ораза айт мерекесімен құттықтаған сөзінде: «Иран мен Қазақстан ежелден достық және бауырластық қарым-қатынаста және екі ел арасында көптеген ұқсастықтар бар. Иран Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады, биыл дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. Қазір екі ел арасындағы қарым-қатынастар жан-жақты дамып келеді және Еуразия ұлттық университетінің де Иранмен ғылым, білім және мәдениет саласында белсенді ынтымақтастықта екенін айту керек. Бұл университетте Иран Ислам Республикасының жоғары лауазымды тұлғалары дәріс оқыған. 2000 жылдан бері халықаралық қатынастар факультетінің шығыстану кафедрасының ирантану және парсы тілі бөлімі белсенді түрде қызмет етіп келеді, бірнеше жыл бұрын ирантану кабинеті де ашылды», - деп жалғастырды. Ол сөзінің соңында: «Университетімізде ирандық каллиграфия көрмесін өткізу жақсы дәстүрге айналып, ынтымақтастығымызда жақсы орын алды»,-деді.

Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер Ораза айт мерекесімен құттықтап, Иранның Қазақстандағы мәдени  өкілі мен Еуразия ұлттық университетінің көрмені өткізудегі күш-жігерін жоғары бағалай отырып, сөйлеген сөзінде: «Иран мен Қазақстанның бауырлас және дос елдері арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастығы дамып келеді. Ал бүгін екеуара мәдени қарым-қатынастардың бір көрінісіне куә болып отырмыз. Иранның атақты шеберлерінің бірі Мохсен Ибрахими мырза өзінің өнер туындыларын Америка, Еуропа, Орталық Азия және әлемнің басқа аймақтарында көрмеге қойған. Бүгін ол өзінің каллиграфиялық туындыларын, Иран мәдениеті мен өнерін халыққа таныстыру мақсатында осы университетке алып келді. Мұндай игі шараларды өткізу дәстүрін алдағы уақытта да жалғастыруға тырысамыз» деді.

Иран Ислам Республикасынан арнайы келген моалла жазуының шебері әрі суретші Мохсен Ибрахими мырза сөйлеген сөзінде Иранның Мәдени өкілі мен Еуразия университеті ректорының осы көрмені өткізуге қосқан үлесін жоғары бағалап, Ирандағы каллиграфия тарихына тоқталды. Шебер Хамид Аджами ойлап тапқан Моалла жазуының 2000 жылы ұлттық деңгейде тіркелгенін, сонымен қатар Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы өнер бойынша көрме өткенін атап өтті.

Ашылу рәсімінен кейін, Еуразия ұлттық университетінің көптеген оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы жіберген суретші Мохсен Ибрахими мырзаның қатысуымен Құран каллиграфиясы шеберлік дәрісі өтті. Бұл дәрісте Ибрахими мырза Ирандағы каллиграфияның пайда болуы және каллиграфия тарихы мен оның ерекшеліктерін, сондай-ақ осы саладағы тәжірибесіне тоқталды.

مدیر سیستم

مدیر سیستم

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: