• Aug 17 2023 - 16:19
  • 176
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

Мәдени кеңісші ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорымен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Карашина Бахнияз, ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі Ақтаева Күләйша ИИР Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен жүздесіп, әңгімелесті. Сонымен қатар, кездесуге елшіліктің қоғамдық дипломатия жөніндегі сарапшысы Саадат Хоссейни де қатысты.

Мәдени кеңесші қонақтардың Иранның мәдени өкілдігіне келгеніне ризашылығын білдіре отырып, өкілдіктің мәдени жұмыстарын түсіндіріп өтті. Кеңесші мырза былай деп қосты: «Мәдени өкілдік жыл бойына Қазақстанның түрлі ғылыми, мәдениет, өнер және діни басқармаларының қатысуымен әртүрлі мәдени бағдарламаларды өткізіп, екі елдің тарихи, ғылыми, мәдени және діни ортақтығын ескере отырып, екі елдің әлеуетін дамытуға тырысады».

Ол мәдени өкілдіктің маңызды бағдарламаларының да атап өтті. Солардың қатарында: ЕҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеттерінде ирантану және парсы тілі кафедраларын құруы, аталған кафедраларға ирандық профессорларды сабақ беруге жіберуі, жоғарыда аталған университеттерде Иран кабинеттерінің құрылуы, Қазақстандық студенттерге Иранда магистратура мен докторантурада оқу үшін шәкіртақы беру, мәдени, медиа және туризм салаларында алмасу бағдарламасына қол қою, бірлескен ғылыми семинарлар өткізу, бір-бірін жақынырақ тану үшін екі елдің ғылыми кеңестерін алмасу, ирандық өнер қайраткерлерінің Қазақстанның өнер және музыка фестивальдеріне қатысуы, Иранның мәдени күндері мен кино апталықтарын өткізу, каллиграфия өнері бойынша курстар өткізу, кітап көрмелеріне қатысу, кітаптарды парсы тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару, ҚР Ұлттық академиясы кітапханасының мамандарын қолжазбаларды қалпына келтіру бойынша оқыту, екі елдің ойшылдарын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел мен конференция өткізу, парсыша-қазақша сөздік құрастыру, екі елдің жоғары оқу орындары президенттерінің сапары, бауырлас Арак пен Қарағанды, Горган мен Ақтау және Тебриз мен Шымкент қалаларының туыстық байланысы, Иранның Қазақстан астанасындағы Діндер мен өркениеттер диалогы хатшылығына тұрақты мүше болуы және әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын атауға болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Карашина Бахнияз мәдени кеңесшімен кездесуге қуанышты екенін білдіре отырып: «Иран Ислам Республикасы – біздің дос әрі бауырлас ел, қиыншылықта әрқашан Қазақстанның жанында болды және ынтымақтастық пен қарым-қатынас әлеуетін арттыруға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет».

Бахнияз Карашина Қазақстандағы Иранның мәдени апталығының мерзіміне қатысты: «Әдетте мұндай мәселелер екі ел президенттерінің сапары кезінде оның қаржылық ауыртпалығына байланысты шешіледі. Сондықтан ИИР мәртебелі Президентінің Қазақстанға жақын арада сапарын ескере отырып, оның сапарынан кейін бұл тұрғыда шешім қабылдау орынды» - деп пікірін білдірді.

Осы кездесуде ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі Ақтаева Күләйша Иранның Ұлттық музейінің Иран елшілігінің мәдени өкілдігімен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеп, егер қаласаңыз, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайынбыз деп қосты.

Кездесу соңында ирандық тарап Қазақстандағы мәдени апталықты өткізуге қойылатын талаптар тізімін осы елдің Мәдениет және спорт министрлігіне жіберу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, жақын арада мәдени өкілдік пен ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп шешілді.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: