ИИР Елшісінің ҚР Мәдениет және спорт министрімен кездесуі
Иран Ислам Республикасының Астанадағы елшісі Али Акбар Джокар Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесіп, әңгімелесті. Бұл кездесуге мәдени істер жөніндегі кеңесші Әли Акбар Талеби Матин де қатысты. Иран мен Қазақстанның мәдени, діни және тарихи ортақтығына тоқталған елшісі, елшіліктің Қазақстанмен бірлескен мәдени іс-шаралар өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Джокар мырза сөз басын жақында өткен Азия 2023 пара волейбол турнирінде елдің спорт командасын Олимпиадаға жолдама алуымен шын жүректен құттықтады.
Әли Акбар Джокар: «Мәдениет және спорт министрлігі жұмысбасты министрлік екенін және бақытымызға орай, сіз жас болғаныңызға қарамастан осы министрлікті басқарып отырсыз. Мен осы қысқа уақыт ішінде бұған жақыннан көз жеткіздім».
Еліміздің елшісі осы Министрліктің қызметі ауқымды болғандықтан, бізде сіздердің жауапкершіліктеріңізге байланысты бөлімдермен көп жұмыс бар, сондықтан біз оны дамытып, егжей-тегжейлі жоспарлаумен екіжақты ынтымақтастықты бақылай алатындай ұзақ мерзімді жоспарлау жөніндегі жұмыс тобын құру қажет екенін еске салды. Иран тарапы жасалған мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін екіжақты маңызды жұмыстарға, соның ішінде мәдениет апталығын өткізуге басымдық беруге тырысып жатқанынын айтты.
Осы кездесуде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Иранның осы елдегі елшісімен және онымен бірге келген делегациямен кездесуіне қанағаттанушылық білдіре келе, Иран біздің қуатты көршіміз және бір-бірімізбен қарым-қатынастарымыз мәдени, діни және тарихи байланыстарға ие екенін айтып, қарым-қатынастарды дамыту үшін неғұрлым байыпты қадамдар жасауда көбірек тәжірибелік тұрғыдан қарауға шақырды.
Джокар мырза Қазақстан Президентінің Иран Ислам Республикасына сапарынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа кезеңге аяқ басқандығын, сондықтан оны есептелген жоспармен және нақты жол картасымен жүзеге асыру керектігін еске салды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Иранның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір басқармаларымен, соның ішінде ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Ұлттық академиялық кітапханасымен келісім бойынша жұмыс істеп жатқанын еске салды және де Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасымен келісе отырып, доктор Хабибулла Аятолланың «Иран өнері тарихы» кітаптың аудармасы қазақ тілінде басылып шыққанына алғысын білдірді. Ол алдағы бірнеше айда Қазақстанға дос және көрші елдердің қатысуымен Ақтау қаласында туризм саласы бойынша көрме өткізетінін және осы тұрғыда Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрін осы маңызды шараға шақыратынын алға тартты.
Осы басқосуда мәдени істер жөніндегі кеңесші де ҚР Мәдениет және спорт министрімен кездескеніне ризашылығын білдіріп, Мәдениет және спорт министрлігінің тізгінін қолға алған сәттен бастап атқарған жұмыстарына куә болып жұргенін еске салды.
Әли Акбар мырза : «Еліміздің елшісі орынды атап өткендей, мүмкін болатын кедергілерді жою үшін өңіраралық бағдарламаларды жоспарлау және үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы тез арада құрылады деген сенімдемін».
Мәдени кеңесші екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының екпініне сәйкес, Фараби мәселесін өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырып, Қазақстан Президентінің Иранға сапары және Жоғарғы Бас Төрағамен кездесуі кезінде «Фараби мәселесін өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырғанын» еске салды. Көшбасшы, Аятолла Хаменеи және Хаким Әбу Сарфараби туралы «Бірлескен ғылыми комитетін» тез арада құру туралы шешім қабылданды. Қазір комитет мүшелері анықталып, оның алғашқы отырысы Теһранда өтетінін хабардар етті.
Кездесу соңында екі ел арасында мәдениет, туризм және спорт саласындағы қарым-қатынастарды тез арада тексеру үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Пікір қалдырыңыз.