• Feb 16 2023 - 11:21
  • 309
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

Қазақстанның Бас мүфтиі Иранда өткен халықаралық конференцияда баяндама жасады

Иранның Горган қаласында «Мәзһабтарды жақындастыру және Ислам революциясының екінші қадамындағы жаңа исламдық өркениет» тақырыбындағы халықаралық конференция өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жиында арнайы баяндама жасап, дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың зор үлгісін көрсетіп, берекелі басқосу ұйымдастыруға ұйытқы болған Дүниежүзілік Ислам мәзһабтарын жақындастыру ассамблеясы басшылығына алғыс айтты.

«Конференция барысында көптеген салмақты ойлар, салиқалы пікірлер айтылып жатыр. Демек мақсатымыз орындалды деген сөз. Бейбітшілік пен бірлікті арқау еткен мұндай маңызды басқосулар қашан да қажет. Бүгінгі басқосу мұсылман қауымын береке-бірлікке бастап, байланыстарымызды одан ары жандандырып, ауызбіршілігімізді арттыра түседі деген ойдамын. Алла Тағала адамзат баласына бірлікте өмір сүруді нәсіп еткей!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, «Мәзһабтарды жақындастыру және Ислам революциясының екінші қадамындағы жаңа исламдық өркениет» тақырыбындағы халықаралық конференция Иранда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Жиынға Иран және Орталық Азия елдерінің дінбасылары мен ғалымдары қатысып, ой-пікірін білдірді.

 

www.muftyat.kz

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: