• Jun 15 2025 - 14:10
  • 7
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

Иран Ислам Республикасының аумағына жасалған сионистік режимнің агрессиялық шабуылынан кейінгі Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы басшысының мәлімдемесі

Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Иранның бірқатар әскери қолбасшылары мен ядролық ғалымдарының шәһид болуына және Сионистік басқыншы режимнің соңғы озбыр шабуылына байланысты мәлімдеме жасады.

Иннә лиллаһи уә иннә иләйһи ражиғун

Сионистік заңсыз әрі айуандық режимнің Иран аумағындағы нысандарға бағытталған шабуылы нәтижесінде Қарулы күштердің бірқатар ержүрек қолбасшылары, ядролық ғалымдар мен бейбіт тұрғындар шәһид болды. Шәһид генерал Мохаммад Бағери, шәһид генерал Хусейн Салами, шәһид генерал Ғоламали Рашид, шәһид доктор Мұхаммад Мәһди Тәһранчи, шәһид доктор Ферейдун Аббаси және Ислам Иранының абыройы мен ерлігі үшін күрескен басқа да шәһидтердің таза қаны қасиетті Иран жерінде ақты.

Сионистік режимнің Иран Ислам Республикасының аумағына жасаған соңғы озбыр шабуылы және Ислам революциясы сақшылар корпусының батыр қолбасшыларын шәһид етуі - халықаралық құқық пен Иранның ұлттық егемендігін ашық бұзу болып табылады.

Күмән жоқ, бұл озбырлық жауапсыз қалмайды, және жақын арада, Алланың жәрдемімен, ислам сарбаздарының сионистік дұшпаннан қатты кек алатынына куә боламыз.

Бұл ардақты жандардың шәһид болуын Заман Имамы (а.с), Ислам революциясының ұлы көшбасшысы және қайғы жұтқан отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, шын жүректен құттықтаймын. Жараланған жандарға Алладан шипа тілеймін.

Мұхаммад Меһди ИманипурМәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: