ИИР-ның ҚР-дағы мәдени өкілі мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығының төрағасының кездесуі
Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Метин Қазақстанның Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығының төрағасы Марат Калижановпен кездесті.

Осы кездесудің басында Талеби Матин оны осы орталықтың басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тілеп, одан кейін Иран мен Қазақстан арасындағы өткен бір жылдағы ортақ шараларға тоқталып, Қазақстанның Сауда және интеграция министрі мен премьер-министрінің жақында Иранда болғанын атап өтіп, оны екі ел арасындағы қарым-қатынастардың артуы мен өсуі жолындағы жақсы әрі маңызды оқиғалар деп бағалады. Кейін қыркүйек айында өтетін Әлемдік діндер мен дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-съезі өтетінін ескеріп, осы кездесудің мақсатына тоқталып: «Біз осындай үлкен мүмкіндікті барынша пайдалануға тырысып, осы бағдарлама аясында көптеген мүмкіндіктерді анықтап, өткен отырыстардың тәжірибесін қолдана отырып, биыл да нығайып, белсендірек жұмыс істеуіміз керек екенін алға тартты. Сондай-ақ, Мәдениеті және исламдық байланыстар ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогтар орталығы мен Қазақстанның Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумға қатысты ол 8-ші Съезді өткізуге қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету өзінің міндетіміз деп атап өтті .
Одан кейін Марат Уәлиханұлы Иранның мәдени істер жөніндегі кеңесшісін Ислам революциясы жеңісінің 46 жылдығымен құттықтап, орталық басшысы ретіндегі жаңа қызметінің басында осы кездесуді өткізуге риза екенін білдірді. Ол Иранға сапарлап, сол елдің қайраткерлерімен жақын кездескеніне тоқталып, Иранға қызығушылық танытып, Иранмен бұдан да көп шаралар жасауға дайын екенін білдірді. Мұнан соң Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 8-ші отырысына қатысты ол съездің басталуына көп уақыт барын, оның жоспарлары толық айқындалмағанын, алайда бұл съезде биылғы жылы белсенділік танытып, көбірек бағдарламалармен жұмыс істеу керектігін айтты. Ол сондай-ақ Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы басшысының осы конгреске шақырылуына ризашылығын білдіріп, Иранның бағдарламалардың жаңалықтарын көрсетуде белсенді қатысуына және Ираннан конгреске келушілер санының жыл сайын артып келе жатқанын ескерсек, биылғы жылы олар өздерінің мақалаларымен қатар, конгрестің мәдени бағдарламаларында да белсендірек болады деп үміттенеміз деді.
Али Акбар Талеби Матин Қазақстанның Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығының жаңа төрағасын екіжақты ауқымды іс-шараларды жүзеге асырудағы ынтымақтастығын, мүддесі мен табандылығын жоғары бағалап, 8-ші Съездің бағдарламаларын барынша табысты және жан-жақты өткізу үшін съезд алдында екі елдің сарапшыларынан тұратын жұмыс тобын құруды ұсынды, оны төраға те құптады.
Осы кездесудің соңында қос тарап бұл кездесудің өткізілуіне, екі жақтың айтқан игі ұсыныстарына риза болғанын жеткізді. Сондай-ақ, Иранның мәдени өкілі Марат Калижановқа естелік сыйлық табыс етті.
Пікір қалдырыңыз.