• Jan 14 2024 - 17:42
  • 143
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

Иранның Фарабитану саласындағы тәжірибесін пайдалануымыз керек...

Астана қаласындағы Мақсұт Нәрікбаев университетінің Ислам құқығы орталығының өкілі Жалғас Сәндібаев Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесуде: «Қазақстан ғалымдарына Иранның ғылыми және академиялық орталықтарында сақталған Фараби қолжазбалары әрі қарай зерттеу үшін қажет», - деп атап өтті.

Ж. Сәндібаев мәдени кеңесшіні екі ел арасындағы мәдени, ғылыми және академиялық қарым-қатынастарды дамытудағы күш-жігерін жоғары бағалай отыра, 2024 жылдың маусым-шілде айларында Теһран қаласында өтетін «Фараби халықаралық фестиваліне» қатысатынын хабарлады.

1960-1970 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы саясатының кесірінен әл-Фараби шығармаларының толық қазақ тіліне аударылмағанына тоқталған Астана қаласындағы М.Нәрікбаев университетінің Ислам құқығы орталығының өкілі: «Иранның ғылыми және академиялық орталықтарында сақтаулы тұрған әл-Фараби қолжазбалары қазақстандық ғалымдарға әрі қарай зерттеу үшін қажет» - деп пікірін білдірді. Сонымен қатар, Исламтану және фарабитану саласындағы еңбектеріне тоқталып, Иран Ислам Республикасына жөнелтілетін бірнеше аударма еңбектерін ұсынды.

Иранның мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Талеби Матин өкілдіктің кез келген қарым-қатынасқа дайын екенін жариялап, оның әл-Фараби мұрасын зерттеу саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілігін құптады. «Фараби шығармашылығын жаңғырту жолында» атты кітаптың қазақша аудармасымен жарық көріп жатқанына тоқталған ол, бұл кітаптың осынау көрнекті ғалымның еңбектері туралы қазақ зерттеушілерінің библиографиялық мәліметтерін толықтыра алатынын жеткізді.

Әли Акбар мырза Иранға білім жетілдіру және фарабитану курстарына жіберу мүмкіндігі туралы хабардар етіп, осы университетті мәдени және ғылыми-академиялық ынтымақтастыққа шақырды.

 

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: