• Jun 17 2022 - 17:27
  • 396
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Иранның мәдени өкілі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жұмысымен танысып қайтты

Иранның Қазақстандағы мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин 17 маусым, жұма күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұржан Жолдыбалинов мырзамен кездесіп, сұхбаттасты.

Осы басқосуда Иранның мәдени өкілі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорымен кездесуіне ризалығын білдіре отырып, екі елдің тарихи, діни және мәдени ортақтығына тоқтала келе: «ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Иранға сапарын назарға алсақ, екі елдің қатынастарында жаңа кезең басталатынын айта кету керек. Сол себепті екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының қарым-қатынасты жақсартуға деген ерік-жігерін негізге ала отырып, түрлі секторлар да бұл серпіліске дайын болуы қажет. 2017 жылы Иранның Ұлттық кітапханасы басшысының қолдауымен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мәдениеті бұрышының ашылуын ескере отырып, қазақстандықтардың Иранның исламдық мәдениеті және өркениетімен танысуы үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында да Иран бұрышы ашылады деген үміттеміз» деді.

Талеби Матин сөзін жалғастыра келе: «Иран Ислам Республикасы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен әртүрлі салаларда, соның ішінде, екі елдің кітапхана ісі саласындағы қарым-қатынастарын дамыту үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, екі елдің танымал тұлғаларының еңбектерін аудару және кітапханамен қолжазбалар мен сирек кітаптар көрмесін өткізу бойынша әріптестік жасасуға әзір» деді.

Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұржан Жолдыбалинов та өз кезегінде Иранның мәдени кеңесшісінің соңғы жылдардағы ынтымақтастығын, әсіресе кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіруді үйрету мақсатында осы кітапхананың мамандарын Иранға жіберудегі әріптестігін жоғары бағалап: «Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы мен Иранның мәдени өкілдігі арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін, қарым-қатынасымызды нығайту және кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады және осы меморандум аясында біз осы кітапханада Иранның бұрышын ашып, бірлескен мәдени шаралар өткізіп, басқа да екіжақты ынтымақтастықтарды жүзеге асыра аламыз» деді.

Айта кетер жайт, осы кездесу барысында Иранның мәдени өкілі Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының әртүрлі бөлімдерін, соның ішінде Кітапхана мұражайын, Қазақстанның Ирандағы тұңғыш елшісі Мырзатай Жолдасбеков атындағы залды және басқа да бөлімдерін аралап қайтты.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: