Ислам мәдениеті және коммуникациялар ұйымының Құдс күніне байланысты мәлімдемесі
Ислам мәдениеті және коммуникациялар ұйымы Құдс күніне байланысты келесідей мәлімдеме жасады:
!Мейірімді Алланың атымен бастаймын
Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (Исра с. 1.)
Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасының келіп жетуі – басқыншы зұлым адамдарға қолы бос, бірақ жүрегі иман мен үмітке толы, қарсылық мәдениетін ұрпақтарына қасиетті мұра етіп қалдырған бір ұлттың зұлымдығын еске түсіру, хабар беру болып табылады. Биыл Дүниежүзілік Құдс .күнінің шеруі бұрынғы жылдарға қарағанда өзгерек
Газада соғыстың басталуы және осы аймақтағы сионистердің қатыгез қылмыстары мен ашық геноцидтерінің күшеюі биылғы Құдс күні шеруінің маңыздылығын екі есе арттырды.
Әлем халықтары сионистік зұлымдардың құрсауынан Құдс Шарифті азат етуді талап етіп жатқанда, БАҚ пен батыс саясаткерлерінің цензурасы мен бұрмалауы бұл толқуды тоқтата алмады.
Сионистік басқыншылардың толассыз қылмыстарына жауап ретінде әл-Ақсаның қасиетті дауыл операциясынан кейін жалған Израиль режимі мен оның қолдаушылары Хамас пен басқа да қарсылас топтарының біріккен қарсыласуының жүзеге асуына куә болуда. Бұл біртұтас қарсылық сионистердің тактикалық және қиылысатын есептеріне нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар макро стратегияларға, тіпті басып алынған Иерусалим режимінің заңсыз өмір сүруіне қарсы бағытталған болып табылады.
Әлем халықтары биылғы Құдс күні көшелерге шығып,сионистік режиммен ымыраға келуін жоққа шығарып,қарсылық білдіретін болады. Биылғы жылы ортақ жауға, яғни әл-Құдсты басып алу режиміне қарсы әлемді біріктіретін саналы көтеріліс жазықсыз жандарды өлтіру және адамгершілікке қарсы режимнің құлдырауы мен жойылу процесін жеделдетудегі бетбұрыс болып саналады.
Ислам мәдениеті және коммуникациялар ұйымы Құдс-Шарифтің азаттығы жолын үздіксіз қолдайтынын мәлімдей отырып, биылғы жылы ораза ұстаған мұсылмандар мен Ирандағы және әлемнің түкпір-түкпіріндегі азат адамдарды ат салысуға шақырады. Палестинаға әлемдік қолдау, олардың адал және ұжымдық ынтымақтастығы мен бірлігі заманның зұлымдарына қарсы тұруы керек. Ин ша Аллах!