• Jun 28 2023 - 12:32
  • 192
  • Оқу ұзақтығы : 3 minute(s)

Ислам революциясы жетекшісі Аятолла Хаменеидің қажылыққа жолдауы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Ибраһимнің Алланың үйіне қажылыққа шақыруы және тарихтың өзегінен бүкіл әлемге үндеу жасауы тағы да күллі ғаламға үн қосып, Алланы еске алушылардың жүректерін ынта-жігермен толтырды. Шақыру барша адамзатқа арналған: «Адамдарды хажға шақыр» (22:27) және «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол» (3:96).

Күллі мұсылмандардың назарының басты өзегі болып табылатын Қағба, ислам әлемінің алуан түрлі кеңістігінің шағын үлгісі ретіндегі қажылық рәсімі адамзат қоғамының кемелдігіне және барлық адамдардың амандығы мен қауіпсіздігіне қызмет ете алады. Қажылық бүкіл адамзатқа рухани жаңғыру мен рухани-адамгершілікті көтере алады және бұл бүгінгі адамзаттың өмірлік қажеттілігі. Қажылық үстемшілдік мен сионизмнің бүгінгі және ертеңгі адамзаттың моральдық құлдырауы үшін жасаған барлық жоспарларын бейтараптандыруға қабілетті.

Бұл жаһандық деңгейде ықпал етудің басты шарты – мұсылмандардың бірінші қадамда қажылықтың маңызды үндеуін дұрыс естіп, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуы. Бұл жолдаудың негізгі екі негізі – «бірлік» және «руханият». Бірлік пен руханилық – Ислам әлемінің материалдық және рухани ілгерілеуінің және оның баршаға нұрлануының кепілі.

Бірлік жүректерді, идеяларды және бағыттарды жақындату мағынасында интеллектуалды және практикалық қарым-қатынасты, ғылыми және тәжірибелік дамуды, ислам елдерінің экономикалық байланысын, мұсылман үкіметтерінің сенімі мен ынтымақтастығын және ортақ дұшпандарға қарсы мүмкіндікті бермеу.

Бірлік дегеніміз – дұшпанның исламдық мәзһабтарды, ұлттарды, нәсілдерді, тілдерді және ислам әлеміндегі әртүрлі мәдениеттерді бір-біріне қарсы қоя мақсатында әзірлеген жоспарының іске аспауы.

Бірлік дегеніміз – мұсылман халықтарының бір-бірін дұшпанның бүлік тудыру жолы арқылы емес, қарым-қатынас, диалог арқылы білуі және бір-бірінің мүмкіндіктері мен әлеуетін танып, оны пайдаланудың жоспарын құрастыруы.

Бірлік дегеніміз – Ислам әлемінің ғалымдары мен университеттерінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғаны, ислам мазхабтарының ғұламалары бір-біріне ізгі ниетпен, төзімділікпен, әділдікпен қарап, бір-бірінің сөзін тыңдауы, әр елдің, әр діннің таңдаулылары халықты бір-бірінің қауымдарымен таныстырып, бірге өмір сүруге және бауырластыққа шақыруы деген сөз.

Бірлік сонымен қатар ислам елдеріндегі саяси және мәдени жетекшілердің қалыптасып келе жатқан әлемдік тәртіп шарттарына үйлесімді түрде дайындалуын білдіреді.  Олар өз қолдарымен олардың еркіне еріп, әлем бастан кешіп жатқан мүмкіндіктер мен қауіптерге толы жаңа тәжірибеде ислам үмбетінің лайықты орнын анықтайды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс үкіметтерінің қолымен жасалған Батыс Азияның саяси және аумақтық жоспарлауының ащы тәжірибесінің қайталануына жол бермеуіміз керек.

Руханият дегеніміз – діни имандылықты арттыру. Батыстың зияткерлік орталықтары тарапынан ұзақ уақыт бойы насихатталып келе жатқан «дінсіз имандылық» қазіргі таңда Батыста өршіп тұрған моральдық жемқорлықтың нәтижесі, оған дүние жүзіндегі әрбір адам куә.

Құрметті Алла үйінің қажылары, бауырлар мен қарындастар!  Қажылық мүмкіндігін пайдаланып, осы бірегей парыздың қыр-сырына тереңірек үңіліп, құпияларына терең ой жүгіртіп, оны ақыретке қажет жүк етіңдер! «Бірлік» пен «руханилық» қазіргі кезеңде үстемшілдік мен сионизмнің дұшпандық шабуылдары мен кедергілерінің жойылуына себепші болды. АҚШ және басқа да империялық үстемдіктің басқа полюстері мұсылмандардың бірлігіне, мұсылман халықтарының, елдерінің және үкіметтерінің түсінігіне және осы ұлттардың жас ұрпақтарының діндарлығы мен шариғат жолын ұстануына үзілді-кесілді қарсылық білдіруде. Осы залым американдық және сионистік жоспарға қарсы тұру бәріміздің, барлық үкіметтеріміз бен халықтарымыздың міндеті.

Құрметті Алла үйінің ирандық және ирандық емес зияратшылары, Алла Тағаладан баршаңызға сәттілік және қажылығыңыздың қабыл болып, ризашылыққа толы өтуін Ұлы Жаратушыдан тілеймін! Баршаңызға Ұлы имам Мәһдидің (ғ.с.) дұғасы қабыл болсын!

 

Сіздерге Алла Тағаланың сәлемі мен рақымы жаусын!

6 Зулхижжа 1444 ж.

4 тир 1402 ж.

(25 маусым 2023 ж.)

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: