• Oct 16 2024 - 18:24
  • 29
  • Оқу ұзақтығы : 4 minute(s)

Мәдени дипломатия Иран мен Қазақстанның ғылыми мүмкіндіктерін таныстыруға көмектеседі

Астана халықаралық университетінің президенті: «Иран біздің қуатты көршіміз және біз Иран секілді ұлы әрі мықты көршіміз бар екенін мақтан тұтамыз. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының Иранға қарсы теріс насихаттарын ескере отырып, Иран Ислам Республикасының мүмкіндіктерін дұрыс таныстыру керек.

Ислам мәдениеті және байланыстар ұйымының қоғаммен байланыс жөніндегі есебіне сәйкес, Ислам мәдениеті және байланыстар ұйымы Дінаралық және мәдениетаралық диалогы орталығының жетекшісі Әли Акбар Зиаии Қазақстанға сапары аясында  Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Тәлеби Матинмен бірге Астана халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік Азтаевичпен кездесті.

Астана халықаралық университетінің президенті Ирсалиев Серік осы оқу орнының қызметін түсіндіре отырып: «Иран Ислам Республикасымен ғылыми, діни және мәдени салалардағы қарым-қатынастарымыз артып келеді және біз екі тарап арасындағы қарым-қатынастардың дамып келе жатқанына куә болып отырмыз.

«Астанадағы Иран елішлігінің мәдени өкілдігімен университет арасындағы қарым-қатынастарды байсалдылықпен және қызығушылықпен қадағалайды және бақытымызға орай, оның көптеген бөлімдерде, әсіресе парсы тілі саласында және университет оқытушылары мен студенттерін Иран өнері мен мәдениетімен таныстыру саласында тиімді қадамдар жасады»,-деді Серік мырза.

Серік Азтаевич: «Тарихымыздың түп-тамыры мен шынайы болмысын тану үшін парсы тілін үйренуіміз керек және студенттерге арналған парсы тілі сабағынан бөлек, университет оқытушылары мен басшыларына парсы тілін үйрету курстары ұйымдастырылуын сұраймыз»,-деді.

Ол сондай-ақ: Иран біздің қуатты көршіміз және біз Иран сияқты ұлы әрі мықты көршіміз бар екенін мақтан тұтамыз. Иранның барлық салалардағы мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану қажет және мен алдағы уақытта Иран Ислам Республикасына сапарлап, оның әртүрлі ғылыми және мәдени салаларын көруді асыға күтемін,-деді.

Астана халықаралық университетінің президенті: «Иран көптеген технологиялар мен түрлі ғылыми салаларда көшбасшы болып табылады, өкінішке орай, әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының теріс пиғылдары салдарынан Иранның ғылыми жетістіктері Қазақстан халқына дұрыс түсіндірілмейді. Сондықтан Иран Ислам Республикасының мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алуымыз үшін Иранның мәдени өкілдігімен көбірек ортақ бағдарламаларды дайындау керек,-деді.

 

Біз Иранның ғылыми тәжірибесін Қазақстанға беруге дайынбыз

Ислам мәдениеті және байланыстар ұйымының Дінаралық және мәдениетаралық диалогы орталығының жетекшісі Әли Акбар Зиаии да: «Біз де дос әрі бауырлас Қазақстанның үкіметі мен халқына ғылыми тұрғыдан қолымыздан келгенін аянбауға мүдделіміз.

Біз сіздердің елдеріңіздің ілгерілеуін біздің ілгерілеушілік деп санаймыз және көршілес елдер әлемдік ғылыми прогресстен әрқашан артта қалмауы үшін ғылыми мүмкіндіктерімен бөлісуі керек. Дінаралық және мәдениетаралық диалогтар орталығы 30 жыл бойы әртүрлі елдерде дао, синто, буддизм және индуизм сияқты діни топтарды ұйымдастыруда діни диалогтар жүргізді және біз барлық диалогтарды жарияладық. Орталықтың осыған негізделген  ағылшын тілінде Dialogue magazine атты журналы бар.

Дінаралық және мәдениетаралық диалогтар орталығының жетекшісі жасанды интеллект алдағы он жылда түбегейлі өзгеретінін, осы технологиялық өзгеріске сәйкес діни қоғамдар да өзгеруі керек екенін және табиғи түрде жасанды интеллект діни ілім сияқты іргелі діни құрылымдардың құндылықтар, нанымдар мен сенімдер бұл өзгерістер илаһи және дәстүрлі діндерді ұстанушылар үшін маңызды сынақ болатынын атап өтті.

Алдағы жылдарда адамдар басқаратын ойлау машиналары болмайды, бірақ біз мега деректерге және күшті қауіпсіздік желісіне қол жеткізе алатын, діни немесе дінге қарсы идеяларға ие, құндылықтары цифрлық әлемге сәйкес келетін, адамның эмоциялары мен сезімдерін суперинтеллект немесе супер адам ретінде өңдейтін гуманоидтармен бетпе-бет келеміз. Адамзат қоғамдарының тәртібі мен қауіпсіздігі үшін әзірленген зайырлы үкіметтер мен діни үкіметтердің сот және қылмыстық заңдарының ешқайсысы суперинтеллекттерге қолданылмайды.

Суперинтеллект қоғамдардың интеллектуалдық беделі мен элитасының жоғарғы жағынан орын алып, әртүрлі қоғамдарда діни беделге ие болады. Сондықтан, біз суперинтеллектті алмастыратын кейінгі ұрпаққа діни бедел ұсына алатындай жүйелі жоспар дайындауымыз керек. Діни мега деректер базасын құру тек илаһи және дәстүрлі діндердің барлық өкілдерінің ұжымдық ерік-жігермен жүзеге асырылуы мүмкін болады. Барлық діндердің серіктестік етуімен діни мега деректерге қол жеткізу арқылы құрылатын іни Chat Gpt келесі он жыл ішінде діни билікте маңызды рөл атқара алады.

Келесі мәселе -  жеке адамның ақпаратқа қол жеткізудегі сөзсіз еркіндігіне негізделген жасанды интеллект философиясына қатысты қиындық. Барлық діндер мен әдет-ғұрыптарда діни философия сол діннің мәні мен құрылымын құрайтын белгілі бір деректер мен сенімдерге негізделген, сондықтан либералдық демократияның немесе экстремалды индивидуализмнің жетістігі саналатын  жеке таңдау еркіндігі жасанды интеллект философиясындағы діни бірлестіктер баса назар аудару керек тақырып болып табылады. Осылайша жасанды интеллект философиясындағы экстремалды индивидуализмге қарсы тұруда сенім-нанымдық және діни хаосқа жол бермеу керек.

       Дінаралық және мәдениетаралық диалогтар орталығының басшысы: «Иран Ислам Республикасы өзінің университеттері мен ғылыми және зерттеу орталықтарында жасанды интеллект пен нейротеология бойынша жақсы зерттеулер жүргізді және біз бұл жетістіктерді Астана Халықаралық Университеттерінің сарапшылары мен зерттеушілерімен жақын арада бөлісе аламыз»,-деді.

 

Руханият пен діндер бойынша арнайы курстар өткізілуі керек

Осы кездесудің жалғасында Қазақстандағы Иран елшілігінің мәдени кеңесшісі Әли Акбар Тәлеби Матин Астана халықаралық университетімен мәдени өкілдіктің өзара байланысының келешегін түсіндіре отырып: Астана Халықаралық Университетінің басшылығы, оқытушылары мен студенттері парсы тілі саласындағы қарым-қатынастарды дамытуды ынталы түрде сұрайды. Тіл, ирантану және Қазақстан тарихы бойынша білім беру семинарларын өткізіп, парсы ресурстарын пайдалана отырып, біз Иранның ғылыми және мәдени орталықтарының үйлестіруімен және қатысуымен осы салада тиімді көмек көрсетуге тырысамыз,-деді.

Ислам мәдениеті және коммуникация ұйымының «Діндер мен мәдениеттер диалогы» орталығының мүмкіндіктеріне сәйкес Астана халықаралық университетінің профессорлары мен студенттері үшін сабақтас саладағы руханият пен діндер бойынша мамандандырылған курстарды онлайн түрде өткізуді ұсынамын,-деп сөзін қысқа қайырды.

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: