• Feb 19 2025 - 15:49
  • 10
  • Оқу ұзақтығы : 2 minute(s)

Қазақ ұлттық өнер университетінде Фаджр онкүндігіне орай көрме мен каллиграфия шеберханасын өткізу

Иран Ислам Республикасының Астанадағы Мәдени өкілдігі және Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық өнер университетінде ИИР-дің ҚР-дағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин, Көркем өнер факультетінің деканы Смагулов Арыстан, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Баженеева Сания және Көркем өнер факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Фаджр онкүндігіне орай Моалла каллиграфиясының көрмесі мен шеберлік сабағы өтті.

Бұл салтанатты шарада ИИР елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі университеттің жаңа жыл және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, оқытушылар мен студенттерге келгендері үшін алғысын білдіріп, Ислам революциясы жеңісінің 46 жылдығына орай өткізілген бұл көрмені өткізуге көмектескен университет басшылығына алғысын білдірді. Одан кейін ол мәдени өкілдік пен Өнер университеті арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандумға тоқталып, меморандум аясында іс-шаралар жүзеге асыру, соның ішінде профессорлар мен студенттер алмасу және Иран мен Қазақстанның өнер университеттері арасында тоқсан сайын бір рет бірлескен зерттеулер жүргізу қажеттігін баса айтты. Осыған байланысты, көркемдік және зерттеу мақсаттарын ілгерілету үшін оқытушылар мен студенттердің қажеттіліктері мен сұраныстарына қатысты ынтымақтастық салаларын нақты анықтау және ынтымақтастық салаларын жеделдетуге жағдай жасау үшін Теһран өнер университеті мен Астана өнер университеті арасында вебинар өткізу қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ Астана өнер университеті басшылығының Иранның шеберлік сабақтары мен түрлі өнер курстарын өткізу туралы өтінішін қарастырып, университеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруды осы байланыс көпірін құруға және профессор алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және осы университетке ирандық оқытушыны шақыруды сөзге тиек етті.

Одан кейін университеттің Көркем өнер факультетінің деканы Арыстан Смагулов Иранның мәдени өкіліне өнер университетіне келгені және каллиграфия саласындағы ең көрнекті суретшілердің бірінің қатысуымен осындай беделді көрмені өткізгені үшін алғыс айта отырып, университет ректорының мәдени кеңесшіге құттықтау хатын оқып берді.

Одан кейін екі елдің тарихи, діни, мәдени және салт-дәстүрлік тамырына тоқталып: «Осындай бағдарламаларды өткізу біздің шынайы және төл болмысымызды анықтауға көмектеседі. Әсіресе, адам жанымен сабақтас парсы жазуы Құран кітабын еске түсіріп, тарихи-мәдени, көркемдік ортамызды еске түсіреді. Ол Иранды өзіндік ерекшелігі, ізгілігі мен өнері бар ұлы, өркениетті ел деп атап, Иранмен ғылыми, өнер және мәдени қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін қуаттады. Ол өз сөзінің жалғасында екі ел қайраткерлерінің жақсы қарым-қатынастары мен сапарларының үздіксіздігіне тоқталып, олардың арасындағы өнер салаларын өркендету жолындағы істерді орындаудағы ыждағаттылық пен байыптылыққа тоқталып, Теһран өнер университетімен бағдарламалардың қалыптасуын тағатсыздана күтетінімізді айтты.

Бұл көрмеде Көркем өнер факультетінің деканы мен Иранның мәдени кеңесшісі арасындағы қызметтің бірнеше маңызды бағыттарына тоқталып, мыналарға назар аударылды:

- Астана өнер университеті мен Тегеран өнер университеті арасында екі университет арасындағы байланысқа және екі елдің өнер саласында игі де тиімді іс-әрекеттердің қалыптасуына себепші болатын вебинар өткізу.

- Факультет деканының ирандық профессорлардың қатысуымен шеберлік сыныбы мен түрлі өнер курстарын өткізу туралы өтініші

- Көркем салаларда аталған мақсаттарды іске асыру үшін меморандум ережелерін сақтауға баса назар аудару.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: