Әлемдік дін көшбасшылары съезі аясында Иран мен БҰҰ өкілдері кездесті

Елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы жанындағы Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының жетекшісі Али Акбар Зияи БҰҰ-ның Женевадағы Евангелиялық миссиялар қауымдастығының төрағасы Гайтан Роймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар дінаралық байланыстарды нығайту, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және дін лидерлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Гайтан Рой өз сөзінде соңғы жылдары Пәкістандағы діни жанжалдарды реттеуге араласқан тәжірибесімен бөлісіп, Иранға да ресми сапармен баруға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде Али Акбар Зияи Ирандағы Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының қызметі жөнінде мәлімет беріп, әртүрлі конфессиялар арасындағы ынтымақтастық бағыттарын атап өтті. Ол сондай-ақ болашақ кездесулерде жастар, отбасы, экология, жасанды интеллект және діни экстремизм сияқты тақырыптардың қарастырылатынын айтты.
Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Пікір қалдырыңыз.