Астанада діни нысандарды қорғауға арналған БҰҰ мен Әлемдік діндер лидерлері съезінің бірлескен отырысы өтті
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің аясында Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Сенатының бастамасымен қасиетті орындарды қорғауға арналған арнайы отырыс өтті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің аясында Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Сенатының бастамасымен қасиетті орындарды қорғауға арналған арнайы отырыс өтті. Жиынды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен БҰҰ-ның Өркениеттер альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос ашты.
Кездесу барысында діни нысандарды сақтау, экстремизм мен діни кемсітушілікке қарсы іс-қимыл, сондай-ақ «БҰҰ-ның діни орындарды қорғау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» таныстырылды.
Иран тарапынан Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының директоры доктор Әли Акбар Зияи және осы орталықтың христиандық бағыт жетекшісі доктор Захра Рашидбейги қатысты. Али Акбар Зияи өз сөзінде Құран аяттарына сүйене отырып, діни орындарды қорғаудың маңызын атап өтіп, мешіттер мен ғибадатханаларды сақтау – сенім мен еркіндіктің кепілі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ирак пен Сириядағы ДАИШ-тың қылмыстары мен Палестинадағы діни нысандардың жойылуын қатаң айыптады.
Қатысушылар діни нысандарға жасалған шабуылдардың артуына алаңдаушылық білдіріп, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің бірлескен жауапкершілігін арттыруға шақырды.
Пікір қалдырыңыз.