Астанада Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасының қатысуымен VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті

Қазақстанда үш жылда бір рет өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің сегізінші кезеңіне Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Мухаммад Мехди Иманипур бастаған ирандық делегация қатысты. 2025 жылдың 17-18 қыркүйек аралығында «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналған Астана қаласында өткен бұл съезде 60 елден астам 200-ге жуық делегат жиналып, қазіргі әлемдегі дінаралық диалогтағы жасанды интеллект жайын талқылады.
VІІІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің ашылу салтанаты 17 қыркүйек күні Астананың Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің қатысуымен өтті. Бұл шарада Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Мухаммад Мехди Иманипур өз баяндамасында «цифрлық құлдық» және діндер синергиясы аясында одан шығу жолдары мәселесін талқылады.
Пікір қалдырыңыз.