Иран Ислам революциясы жетекшісі Исмаил Ханияның шәһид болуына орай көңіл айтты
ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шейіт болғаннан кейін, Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өз жолдауында осы ержүрек басшы әрі көрнекті мужахидтің қаза болуына орай Ислам үмбетіне, Қарсыласу майданына және Палестина халқына көңіл айтып: «Қылмыскер лаңкестік сионистік режим бұл әрекетімен өзіне қатаң жазаға негіз дайындады және Иран Ислам Республикасының аумағында шейіт болған тұлға үшін кек алуды өз міндетіміз деп санаймыз» деді.
Иран Ислам революциясы жетекшісі жолдауының толық мәтіні келесідей:
«Мейірімді, рақымды Алланың атымен
Құрметті Иран халқы!
Палестина моджахедтерінің ержүрек әрі көрнекті жетекшісі Исмаил Хания мырза кеше түнде таң ата Аллаға қайтып, қарсыласу майданы қара жамылды. Қылмыскер әрі лаңкес сионистік режим біздің жерімізде қадірлі қонағымызды шәһид етіп, бізді қынжылтты, сонымен бірге өзіне ауыр жаза дайындады.
Шәһид Хания ұзақ жылдар абыройлы күрес жолында өзінің асыл жанын қиып, әрдайым шәһидтікке дайын болып, осы жолда балалары мен жақындарынан айырылды. Ол Алла жолында шәһид болудан және Алланың құлдарын құтқарудан қорықпады, бірақ Ислам Республикасының аумағында болған осы ащы да ауыр оқиғада оның төгілген қаны үшін кек алуды өз міндетіміз деп санаймыз.
Ислам үмбетіне, Қарсыласу майданына, батыл да намысшыл Палестина халқына, әсіресе, шәһид Хания мен онымен бірге шәһид болғандардың отбасы мен тірі қалғандарына көңіл айтамын және Алла Тағаладан дәрежелерін көтеруін тілеймін.
Сейед Әли Хаменеи
31 шілде 2024 жыл / 10 мордад 1403 жыл / 25 мұхаррам 1446 жыл»
Пікір қалдырыңыз.