• Sep 18 2025 - 09:45
  • 2
  • Оқу ұзақтығы : Less than one minute

Әлемдік дін көшбасшылары съезі аясында Иран мен БҰҰ өкілдері кездесті

Елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Иран Ислам Республикасының Мәдениет  және исламдық байланыстар ұйымы жанындағы Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының жетекшісі Али Акбар Зияи БҰҰ-ның Женевадағы Евангелиялық миссиялар қауымдастығының төрағасы Гайтан Роймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар дінаралық байланыстарды нығайту, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және дін лидерлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Гайтан Рой өз сөзінде соңғы жылдары Пәкістандағы діни жанжалдарды реттеуге араласқан тәжірибесімен бөлісіп, Иранға да ресми сапармен баруға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде Али Акбар Зияи Ирандағы Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының қызметі жөнінде мәлімет беріп, әртүрлі конфессиялар арасындағы ынтымақтастық бағыттарын атап өтті. Ол сондай-ақ болашақ кездесулерде жастар, отбасы, экология, жасанды интеллект және діни экстремизм сияқты тақырыптардың қарастырылатынын айтты.

Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Суреттер

Пікір қалдырыңыз.

[Көбірек]

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: