Қазақ фарабитанушыларының Иранға жасаған сапары
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары мен ғалымдары Самал Төлеубаева мен Балжан Қалемшарив Иранға барған сапарынан алған әсерлерімен бөлісті.
Иран Ислам Республикасы елшілігінің мәдени өкілдігінің бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушы құрамы «фарабитану» бойынша қосымша курстан өту үшін Иранға аттанған болатын. Қасиетті Құм қаласына сапар осы саладағы білімдерін арттыру және Ирандық ресурстарды пайдалану үшін жақсы мүмкіндіктердің бірі болды.
Самал ханым қасиетті Құм қаласында әл-Фарабидің интеллектуалдық бағыты мен ой-пікірін зерттеп, жұмыс жасайтын 250 университет пен ғылыми-зерттеу институты бар екенін және ислам әлемінің болашағы осы салада айқындалатынын жеткізді.
Хазірет Фатима Масуме (ғ.с.) зияратындағы сәулет өнерінің туындылары
«Құм – ғылым мен білімнің қаласы, адамдары жоғары білімді және өте зерделі. Әл-Мұстафа университетіне қарасты орталықта ашық интеллектуалдық кеңістік пен орта бар, олар өздерінің діни көзқарастары мен білімдерін басқалармен бөлісіп қана қоймай, әлемнің әртүрлі университеттерімен меморандумдар жасасқан», - деп алған әсерлерімен бөлісті.
Тағы бір назар аударарлық жайт, қазақстандық професорлардың араб тілін жетік меңгергенін ескерсек, халықтың араб тілімен әсіресе, орталық мамандарының жақсы таныс болуы қарым-қатынас жасасуға көмегін тигізген.
Хазірет Фатима Масуменің (ғ.с.) қасиетті ғибадатханасына деген құрмет, ғибадатхананың көздің жауын алар әсем сәулеті және оның руханилығы ерекше есте қалған.
Жалпы, сапар ғылым мен академиялық тұрғыдан да, туризм, адами қарым-қатынас тұрғысынан да өте жақсы әрі есте қаларлық сапар деп атап өтіп, осы сапарға мүмкіндік берген Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі кеңесшісіне тағы да алғыс айта отыра, фарабитану саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.