• Nov 25 2024 - 12:22
  • 46
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күні

1999 жылдың 17 қазан күні Біріккен Ұлттар Ұйымы 25 қарашаны Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күні деп танып, әлем үкіметтері мен халықтарының назарын жыл сайын осы маңызды мәселеге аудару мақсатында бұл күнді осы ұйымның күнтізбесіне енгізді.

Осы шешімге сәйкес, бір жылдан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2000 жылы «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» деп аталатын 1325 қарарын бекітті. Бұл қарардың негізгі мақсаттары елдердегі ішкі және сыртқы алауыздықтар мен қақтығыстардың алдын алу, әйелдердің саяси және қоғамдық өмірге араласуына жағдай тудыру, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алумен байланысты. Бұл қаулы әйелдерге қатысты түрлі зорлық-зомбылық әрекеттерінің жазасыз қалмауына, кінәлілерді жауапқа тартуға негіз болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – әйелдерге физикалық, жыныстық немесе психологиялық зиян келтіруі мүмкін кез келген мінез-құлық.

Бұл күндері әлем езілген палестиналық және ливандық әйелдерге қарсы ең ауыр әрі бұрын-соңды болмаған зорлық-зомбылықтың куәсі болуда. Миллиондаған әйел сионистік басқыншы режимнің аяусыз шабуылдарының салдарынан баспанасыз қалып, күйеуі мен балаларынан, кейде тіпті барлық отбасы мүшелерінен айырылды және бұл күндері олар қосымша психикалық қысымды бастан кешуде. Бұл әйелдердің көпшілігі осы шабуылдар мен бомбалаулар кезінде үйінділер астында қалып, көптеген физикалық жарақаттар алуда.

Палестиналық әйелдерге қарсы бұрын-соңды болмаған зорлық-зомбылық осыдан жетпіс бес жылдан астам уақыт бұрын басталған. Сол кезде-ақ олар халықаралық құқық заңдарына қайшы әрекеттердің салдарынан өз үйлерінен қуылып, босқындыққа ұшырап, сұрапыл соғыста отбасы мүшелерінен айырылған. Бұл тарихи қуғын-сүргін мен зұлымдық әлі де жалғасуда.

Ал әлем әлі де Адам құқықтары жөніндегі кеңес пен Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы баяндамашының қатаң реакциясын күтуде.

Биылғы жылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің халықаралық күнінде әлемнің азат адамдары психикалық және физикалық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған осы әйелдерді қорғай отырып, осы шектен шыққан жүйелі әрі бұрын-соңды болмаған зорлық-зомбылыққа қарсы көтерілуге, сондай-ақ, гуманитарлық көмек жіберуге, осы зорлық-зомбылық жасағандарды жазалауға және қысымшылықты жоюға тырысу үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Халықаралық қылмыстық соттың осы қылмыстар мен зорлық-зомбылық жасаған кейбір тұлғаларды қамауға алу туралы үкімінің орындалатынына әлем жақын арада куә болады деген үміт бар.

Фатеме  Ибрахими

Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы

Төраға кеңесшісі әрі Әйелдер мен отбасы ісі мәдени-халықаралық байланыстар департаментінің басшысы

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: