• Aug 20 2025 - 16:20
  • 10
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

IFLA конгресі аясында ирандық делегация Астанадағы Иран мәдени өкілдігінің басшысымен кездесуі

Иран Ислам Республикасының IFLA 2025 жиналысына қатысушы өкілдері Қазақстанның Астана қаласындағы Иран мәдени өкілдігіне барып, өкілдік басшысымен кездесті .

Астанада өткен IFLA халықаралық конгресі аясында Иран Ислам Республикасының делегациясы Қазақстандағы ИИР Мәдени өкілдігінің басшысымен кездесу өткізді. Делегация құрамында Иран Ұлттық кітапханасы басшысының орынбасары доктор Реза Шахраби, Шәһид Бехешти университетінің оқытушысы және ақпараттану ғылымының профессоры доктор Зейнолабедин, Иран Ұлттық кітапханасының білім беру және ғылыми зерттеу департаментінің бас директоры доктор Қорбани ханым, Тегеран медицина ғылымдары университетінің оқытушысы және ақпараттану профессоры доктор Шейх Шоағи ханым, Ұлттық кітапхананың зерттеу бөлімінің қызметкерлері Пасияр ханым мен Мимари ханым болды.

Кездесу барысында тараптар Иран мен Қазақстан арасындағы ғылыми, мәдени және университетаралық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Мәдени өкілдік басшысы Мәжид Сури ирандық делегация мүшелеріне қошемет білдіре отырып, Иранның IFLA сияқты халықаралық алаңдарға белсенді қатысуын елдің ғылыми және мәдени әлеуетін танытудағы маңызды мүмкіндік ретінде атап өтті.

Ол сөзінде Астанадағы Иран Мәдени өкілдігінің қызметіне тоқталып, мәдени, көркемдік және діни шараларға қатысу, екі елдің ғылыми, университеттік және мәдени мекемелері арасындағы байланыс орнату, ирантану және парсы тілі курстарын ұйымдастыру, қолжазбаларды қалпына келтіру және сақтау бойынша курстар өткізу сынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Иранның Ұлттық кітапханасы мен университеттерін қазақстандық әріптес мекемелермен қарым-қатынасты дамытуға шақырды.

Ұлттық кітапхана басшысының орынбасары доктор Реза Шахраби де Иранның мәдени өкілдігінің қолдауы мен үйлестіруіне алғыс білдіре отырып, Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының бірнеше ресми делегациясын қабылдағанын атап өтті және аталған мекеменің Қазақстанның ғылыми және университеттік мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын білдірді.

Ирандық делегация мүшелері де IFLA конгресіндегі өз қызметтері мен бағдарламалары туралы баяндама жасап, Иран мен Қазақстанның ұлттық кітапханалары мен ғылыми орталықтары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында, Иранның мәдени өкілдігінің әртүрлі бөлімдерін аралағаннан кейін, доктор Шахраби екі томдық құнды кітапты сыйға тартты.

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: