Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Фаджр онкүндігіне орай көрме мен каллиграфия шеберлік сабағы өтті
Иранның Қазақстандағы елілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин және ИИР-дің Ислам мәдениеті және байланыстар ұйымының ұйымдастыруымен ақпан айының 4-ші жұлдызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуазия ұлттық университетінде Иранның ұлттық каллиграфтарының бірі, талғампаз суретші, профессор Мохсен Ибрахимидің Моалла каллиграфиясының көрмесі мен шеберлік сабағы өтті.

Бұл көрменің ашылу салтанатына ЕҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосыбаев Мирас мырза, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Бірімқұлова Гүлнар ханым және факультеттің бір топ профессорлары, сондай-ақ парсы тілі, ирантану және басқа да тілдердің студенттері қатысты.
Осы рәсімнің басында университеттің Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Мирас Махмедунұлы Иранның мәдени кеңесшісіне көрме және каллиграфия шеберханасын өткізгені үшін алғыс білдіре отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тарихына тоқталып: «Иранның мәдени өкілімен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Өткен бір жыл ішінде университетте көптеген түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды және бүгін біз Иранның ұлы каллиграфия шеберлерінің бірін тағы бір мәртебелі мәдени бағдарламамен қарсы алып отырмыз. Ол: «Біз ғылыми және мәдени саладағы қарым-қатынасымызды күннен-күнге арттырып, дамытуға тырысамыз,- деді.
Одан кейін ИИР-ның ҚР-дағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин сөз сөйледі. Ол алдымен студенттер мен профессорларды жаңа 2025 жылмен және жаңа оқу семестрімен құттықтады. Ол сондай-ақ Иран Ислам революциясы жеңісінің 46 жылдығына арналған каллиграфия көрмесін және шеберлік сабағын өткізу жайлы сөзін бастады. Одан кейін Иран мен Қазақстан екі ел арасындағы дін, мәдениет, география және тарих тұрғысынан терең ортақтықтарға тоқталып, екі елдің мәдени, ғылыми және өнер мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануымыз қажет деді. Бақытымызға орай, соңғы бір жылда Еуразия ұлттық университетімен жақсы қарым-қатынаста болдық; Біз Иранда түрлі курстар ұйымдастырдық, оларға Еуразия ұлттық университетінің көптеген профессорлары қатысты, соның ішінде Фарабитану және ирантану қосымша курсы, сонымен қатар парсы тілі мен әдебиеті бойынша студенттер олимпиадасын өткізу арқылы Еуразия ұлттық университетінің үздік студенті Иранға бір апталық сапарға жолдама алды.
Иранның мәдени кеңесшісінің сөзінен кейін Моалла каллиграфиясының шебері Мохсен Ибрахими ирандық каллиграфия, әсіресе Моалла каллиграфиясы туралы кейбір ойларға тоқталып, осы каллиграфияның астары мен ирандықтардың әдемі өнері туралы баяндады, содан кейін каллиграфия семинары көптеген студенттер мен профессорлардың қатысуымен ресми түрде өтті. Семинар алдында факультет басшысы мен шығыстану кафедрасы Иранның мәдени өкілі және каллиграфпен бірге көрменің картиналарын тамашалады.
Иранның мәдени өкілдігі мен Қазақстандағы ең ірі және маңызды университеттердің бірі саналатын Еуразия ұлттық университеті арасында бұрыннан келе жатқан қарым-қатынас пен ынтымақтастық бар. Осы жылдар ішінде бұл қарым-қатынастар нығая түсті және соңғы жылдары мәдени кеңестер тарапынан жақсы іс-шараларды көрді. Бұл іс-шараларға парсы тілі мен ирантану сабақтарын өткізу, профессорлар мен студенттерді қосымша оқу курстарына қатысу үшін Иранға жіберу, университетте дәстүрлі ирандық рәсімдер мен мерекелерді өткізу, сондай-ақ университет пен мәдени өкілдік арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың нығаюы мен өсуіне әкелген көптеген мәдени және өнер шеберханалары мен көрмелерін ұйымдастыру кіреді.
Пікір қалдырыңыз.