Иран және қазақ қолжазбаларын сақтау және қалпына келтіру
Екі ел арасындағы мәдени, ғылыми-зерттеу, қарым-қатынастарды дамытып, ауқымды шаралар қабылдауда «Нұр» халықаралық микрофильмдер орталығы мен ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы басшыларының қатысуымен онлайн кездесу өтті.
Кездесу Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин, «Нұр» халықаралық микрофильмдер орталығының басшысы Мехди Ходжапири, Ислам мәдениеті және коммуникация ұйымының ғылыми-академиялық ынтымақтастығы басқармасының бас директоры Аболхасан Халадж Монфаред пен ҚР Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Жандос Болдықовтың қатысуымен өтті.
«Нұр» халықаралық микрофильмдер орталығының басшысы Мехди Ходжапири орталықты таныстыра отыра, халықаралық микрофильмдер орталығы – әлемдік деңгейде жұмыс істейтін беделді орталық екенін атап өтті. Кездесу барысында түрлі аспектілерімен таныстырып, қолжазбаларды цифрландыру, құжаттарды көшірмелеу, парсы және араб тілдерін каталогтау, орталықтың сайты арқылы зерттеушілерге қызмет көрсету, каллиграфия, кескіндеме сынды көркемдік қызметтерді орындау, қолжазбаларды түптеу, оқу курстарын өткізумен қатар Қазақстанның Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен меморандумға қол қоюдың арқасында ғылыми, мәдени байланыстар одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.
Ислам мәдениеті және коммуникация ұйымының ғылыми-академиялық ынтымақтастығы басқармасының бас директоры Аболхасан Халадж Монфаред Иран мен Қазақстанның мәдени және тарихи қарым-қатынастарына тоқталды. Ислам мәдениеті мен коммуникациялары ұйымының өкілі өз сөзінде «Нұр» халықаралық микрофильмдер орталығының басшысы Ходжапири мырзаның қолжазбалар саласындағы 40 жылдан астам тәжірибесі бар екенін, ортылықтың құрылуы мен дамуына қосқан еңбегін, шет елдермен қарым-қатынас орнатуға, дамытуға қосқан үлесін талқылап, бұл ғылыми кездесу және де алдағы бағдарламаны өткізу екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы маңызды әрі берекелі қадам болатынына сенім білдірді.
ҚР Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Жандос Болдықов мырза да Астанадағы Иранның мәдени істер жөніндегі кеңесшісінің қазақ қолжазбаларын қалпына келтіру бойынша мамандарды даярлау саласындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Иранның тарихына қатысты бірқатар қолжазба суреттерін сыйға тартып, осы орталыққа қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының түрлі бөлімдерін таныстырып, былай деді: «Қазақстанның қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы алғаш рет 2017 жылы еліміздің Мәдениет министрлігінің қолдауымен өз жұмысын бастады. Содан бері әлемнің әртүрлі елдерінен Қазақстан тарихына қатысты маңызды цифрлық қолжазбаларды көшіру және сақтау мүмкіндігіне ие болды».
Болдықов мырза Қазақстанның Иран Ислам Республикасының ескі қолжазбаларына қазақ халқының өткеніне қатысты маңызды әрі құнды тарихи дереккөздеріне деген қызығушылығын таныта отырып, Иран Ислам Республикасы үкіметтік ұйымдарының көмегін жоғары бағалап, алғыс білдірді.
Айта кетейік, каллиграфия және қолжазбаларды қалпына келтіру көрмесі «Нұр» халықаралық микрофильмдер орталығы майталмандарының қатысуымен ақпан айының 5-9 күндері ҚР Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан Ұлттық музей, Ұлттық кітапхана және Ұлттық мұрағат сияқты маңызды мемлекеттік ұйымдардың мамандары мен сарапшылары да аталмыш бағдарламаға қатысу арқылы Иран Ислам Республикасының Қолжазбаларды қалпына келтіру саласындағы тәжірибелерін үйрене отыра, өз мемлекетіміздің мүддесіне пайдалана алады.