Иран мен Қазақстанның музей саласындағы әріптестігі артады
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин Иран мен Қазақстан музейлері арасындағы байланыстарды арттыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық музейі директорының м.а. Айбек Сыдықовпен кездесіп, сұхбаттасты.

Кездесу барысында тараптар екі елдің музейлерінің арасындағы байланыстарды кеңейту мақсатында ИИР Ұлттық музейі мен ҚР Ұлттық музейі арасында меморандумға қол қою мәселесін талқылап, ынтымақтастық бағыттарын анықтады. Атап айтқанда, музейдегі қолжазбалар мен жазба мұраны қалпына келтіру және сақтау, ортақ көрмелер мен ғылыми жиындар өткізу, мамандармен алмасу, екі тараптың осы саладағы жоғары деңгейлі делегацияларының сапарлары, ирандық мамандарды шақырту арқылы біліктілікті арттыру курстарын өткізу, мамандандырылған кеңес беру және тағы басқа әріптестік жолдары ұсынылды.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап Иранның музейлерін ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде өтетін Ұлттық музейдің 10 жылдығына арналған 2-ші Халықаралық музей конгресіне қатысуға шақырды.
Пікір қалдырыңыз.