Иранның мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Астана қаласы әкімімен кездесті
ИИР-ның ҚР өкілетті елшісі және мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Қазақстанның бас қаласы Астанада қала әкімі Қасымбек Жеңіс Махмудұлымен кездесіп, әңгімелесті.
ИИР-ның ҚР өкілетті елшісі Али Акбар Джокар мен мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин Астана қаласының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмудұлымен кездесті. Алғаш рет өткізілген бұл кездесуде екі жақ ризашылығын білдіре отырып, Теһран мен Астана арасындағы мәдениет пен өнердің әртүрлі салаларындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Иран делегациясы ұсынған ұсыныстардың ішінде Қасымбек мырзаның Теһранға сапарын жалғастыруға және Теһран қаласы әкімімен кездесуге дайындығы туралы сөз қозғалып, Теһран әкімінің халықаралық директорымен келісе отыра, қала әкімі Закани мырзаның қолы қойылған шақыру хатын Қасымбек мырзаға жолдау туралы шешім қабылданды. Бұл кездесуде екі астана арасында бауырластық келісім жасау, астаналардағы көшелерге екі елдің танымал тұлғаларының есімдерін беру, туризмнің маңызды мәселесіне назар аудару, сондай-ақ Теһран мен Астана арасында тікелей әуе қатынасын ашу қажеттілігіне назар аударып, Иран мен Қазақстандағы Наурыз мейрамына қатысты бірлескен бағдарламалар және Астанаға тиесілі қалалық нысандар мен орындарды пайдалану сияқты бірлескен мәдени және өнер бағдарламаларын жүзеге асыру талқыланды.
Пікір қалдырыңыз.