• Dec 21 2023 - 17:32
  • 136
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Мәдени істер жөніндегі кеңесшінің Еуразия Ұлттық университеті Экономика және туризм факультетінің деканымен кездесуі

ИИР-ның ҚР-ғы Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин, Ислам мәдениеті мен байланысы ұйымының Ғылыми және академиялық ынтымақтастық бас басқармасының өкілі Ходжат Ширази және ЕҰУ Экономика және туризм факультетінің деканы Аида Жағыпаровамен кездесіп, ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту жолдарымен қатар экономика және туризм саласы туралы пікір алмасты.

Али Акбар Талеби Матин Аида Жағыпараваны ЕҰУ Экономика және туризм факультетінің жаңа деканы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан Президентінің өткен жылғы Иран Ислам Республикасына сапарынан кейін қабылданған маңызды шараларға, оның ішінде екі ел арасында 7-ден астам маңызды өзара түсіністік туралы меморандумдарға, визасыз режимді енгізу, Иранның қазақстандық «Архив-2025» жобасын қолдауы, сондай-ақ басқа да әртүрлі ғылыми және мәдени салаларда дамуын ерекше атап өтті.

Иранның Қазақстандағы Мәдени істер жөніндегі кеңесшісі екі елдің мәдениет және туризм саласындағы қарым-қатынастарын тереңдету және екі ұлттың түсіністігі мен хабардарлығын арттырудағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ екі елдің бір-бірімен ғылыми вебинарларын өткізу сияқты жоспарларға, айына бір рет екі елдің экономикасы мен туризмі бойынша сарапшыларымен қатар Иран елшісі және мәдени кеңесшісінің қатысуымен факультет студенттеріне әртүрлі бағдарламалар арқылы Иранның көрікті жерлері мен туристік орындарымен таныстыру ұсынылды.

Сөз соңында осы өкілдіктің ЕҰУ басқа факультеттерімен белсенді ынтымақтастығына сілтеме жасай отыра, экономика және туризмді Иран-Қазақстан қарым-қатынастарының ең маңызды салалары ретінде атап, экономика және туризм факультетінің деканымен бірге кафедраның басқа да қызметкерлерімен мәдени өкілдікте ынтымақтастықтың бағыттарын қарастырып, жүзеге асыру әрі оны тереңдету мақсатында отырысқа қатысуға шақырды.

Аида Жағыпарова экономика және туризм факультетінде 6 кафедра бар екенін, оның ішінде экономика және туризм кафедралары болашақта Иранның мәдени өкілдігімен жемісті қарым-қатынас жасай алатынын жеткізді. Факультет деканының айтуынша, кафедрада 2 мыңнан астам студент білім алуда. Ол сондай-ақ мәдени кеңесшіге өткен жылы ынтымақтастық аясында құрылған Әбу Райхан Бируни атындағы «Экономикалық зерттеулер және туризм орталығын» құрғаны үшін алғысын білдіріп, осы кездесуден кейін бұл саланы жандандыру үшін бұдан да маңызды қадамдар жасалатынына сенім білдірді.

 

 

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: