Парвин Этесоми
Парвин Этесоми
Иран ақындарының ішіндегі ең танымал және сүйікті әйел ақыны Парвин Эттесами 1907 жылы 16 наурызда Табриз қаласында дүниеге келген, бірақ бала кезінен ата-анасымен бірге Тегеран қаласына көшіп, елордада тұрақтап, өмір сүрген.
Парвин Эттесаның әкесі дана, беделді жазушы болғандықтан, ақын өмірінде маңызды рөл атқарды. Қызының талантын байқап, ән жазуға баулиды. Эттесам Алмолк деген атпен танымал Парвиннің әкесі Юсуф Эттесами өте дана, көреген және құрметті адам болған. Табризде алғашқы баспахананың негізін қалады. Біраз уақыт Межлис өкілі қызметін атқарды. Парвиннің әкесі Эттесам Алмолк «Бахор» (Көктем) журналының жетекшісі болған және Парвин өзінің алғашқы өлеңін дәл осы журналда жариялаған. Парвиннің өлеңдер жинағы 5000 тармақтан тұрады және баға жетпес өлеңдерден тұрады. Паривннің әкесі Эттесам Алмолктың төрт ұлы мен бір қызы болды. Ол ғылыми зерттеулерге берілген және оның үйі Малек әл-Шоара Бахар және Алламе Дехода сияқты әйгілі жазушылардың бас қосатын орны болды. Сондай мәдениетті, дарынды, дана ақын-жазушылардың ортасында Парвин Эттесами есімді дарынды қыз өскен.
Парвиннің анасы Ахтар Эттесами дана, сабырлы, таза, пәк әйел болған. Ол қызының шығармашылық жолын нәзік жүрекпен сезініп, махаббатын таратып, қызының шығармаларын зор ынтамен оқыды.
Парвин Эттесами бала кезінен көп оқыды. Оның әулеті ғылымға берілген асыл жандар болғандықтан, ғылыми, мәдени, әсіресе, әдеби шығармаларды олармен араласып, әңгімелесу арқылы танып-білген. Парвин 11 жасында Иранның әйгілі ақындары Фердоуси, Низами, Мәулана, Насыр Хосроу, Манучехри, Анваридің шығармаларымен танысады.
Жоғарыда Парвиннің мектеп қабырғасында жүргені мен шығармашылық шағы туралы айтып өткенімдей, ол бала кезінен шығармашылыққа әуес болған, көптеген ирандық жазушылар мен данышпандардың шығармаларын оқыған, барлығын жақсы білген. Сондықтан әкесі Парвинге әндердің көлемі мен мәнерін білу үшін көптеген тапсырмалар беріп, көп жаттығады. Бірде қызына ертедегі ақындардың өлеңдері бойынша жаңа поэма жасауды немесе оның көлемін өзгертуді, ал кейде оларға жаңа ұйқастарды (рифмаларды) тауып беруді тапсырады. Мұндай жаттығулар жас ақынның өлеңдеріндегі сөздердің мән-мағынасын анықтауға, өлең жазуда тәжірибе жинақтауға көмектесті. Парвин парсы және араб әдебиетімен әкесінен танысып, жастайынан өлең жаза бастайды. Оқуын тәмамдаған соң біраз уақыт ұстаздық етті. Сол кезде оған шах сарайында қызмет ету ұсынылды, бірақ Парвин оның Пехлеви режиміндегі көзқарастары мен сенімдерін ескере отырып, бұл ұсыныстан бас тартты. Ал оның әкесі Юсуф Эттесам Алмолк көп жерлерді аралаған. Парвин әкесі қайда жүрсе де еріп жүретін. Осылайша әкесінің Иранға және басқа елдерге жасаған сапарларымен Парвин тың идеялар мен тәжірибе жинақтады.
Атауы | Парвин Этесоми |
Ел | Иран |