Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жұмыс тобының отырысы өтті
2025 жылғы 14 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жұмыс тобының 23-отырысы өтті. Жиында алдағы сегізінші съездің күн тәртібі, қорытынды мәлімдеме жобасы және «Съездің ізгілік елшісі» атағына ұсынылған үміткерлер талқыланды.

Отырыста ислам, христиан, буддизм және иудаизм өкілдері бас қосып, әлемдегі қақтығыстардың алдын алу, бейбітшілік пен төзімділікті нығайту, діни қауымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Отырысқа Иран тарапынан Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығының өкілі, Ислам мен христиандық арасындағы диалог тобының жетекшісі, доктор Захра Рашидбейги қатысып, ислам мен христиандық арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жұмыс тобы 2026 жылы хатшылықтың келесі отырысын, ал 2028 жылы тоғызыншы съезді өткізу туралы шешім қабылдады. Екі шара да дәстүр бойынша Астанада өтпек.
Пікір қалдырыңыз.