• Sep 29 2024 - 10:40
  • 25
  • Оқу ұзақтығы : 1 minute(s)

Имам Хаменеидің қарсыласу туын ұстаушысы Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты жолдауы

Имам Хаменеи күрескер және қарсыласу туын ұстаушысы Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты жолдауында Хизболланың бірегей жетекшісінің дүниеден озуына қатысты Қарсыласу майданы мен Ислам үмбетіне көңіл айтты және Иранда бес күндік аза тұту жариялап: "Қарсыласу сейеді тек бір тұлға емес, ол жол және мектеп болды, бұл жол жалғаса береді",- деді.

Құрметті Иран халқы

Ұлы Ислам үмбеті

Аймақтағы қарсыласу туын ұстаушысы, діни қасиеті бар ғұлама, дана саяси жетекші Сейед Хасан Насролла Ливанда жұма түні болған оқиғаларда шәһид болып, рухы аспанға көтерілді. Сейед Хасан Алла жолындағы  ондаған жылдар бойы жиһады мен оның қиыншылықтарының сауабын алды. Ол Бейрут маңындағы үйсіз-күйсіз адамдар мен олардың қираған үйлері мен жақындарын қорғаумен айналысып жүргенде шәһид болды. Ол ондаған жылдар бойы Палестинаның езілген халқын, басып алынған қалалар мен ауылдарды, қираған үйлер мен олардың қырғынға ұшыраған жақындарын қорғау үшін жиһадты жоспарлап, жүргізді. Шәһид болудың нығметі сонша күш-жігерден кейін оның шынайы құқығы болды.

Ислам әлемі ұлы тұлғасынан, Қарсыласу майданы бірегей ту ұстаушысынан және Ливан Хезболласы теңдесі жоқ көшбасшысынан айырылды, бірақ оның бірнеше он жылдық жоспары мен жиһадының берекесі ешқашан жоғалмайды. Оның Ливанда орнатқан және басқа қарсыласу орталықтарына бағыт-бағдар берген негізі оның шәһид болуымен жойылмайды, оның және осы оқиғаның басқа да шәһидтерінің қанының арқасында нығая түседі. Қарсыласу майданының сионистік режимнің тозған және ыдырай бастаған денесіне жасаған соққылары бұдан да күштірек болады. Сионистік режимнің зұлым табиғаты бұл оқиғада жеңіске жеткен жоқ.

Қарсылық сейеді тек бір тұлға емес, ол жол және мектеп болды, бұл жол жалғаса береді. Шәһид сейед Аббас Мусавидің қаны жерде қалмады, шейіт Cейед Хасанның қаны жерде қалмайды.

Өзінен бұрын ұлы Сейед Хадиді де Алла жолында сыйлаған құрметті Сейедтің ардақты әкесі мен сүйікті жарына, оның сүйікті балаларына және осы оқиғада шәһид болғандардың отбасыларына, Хезболланың әрбір мүшесіне және Ливанның құрметті халқы мен жоғары билік өкілдеріне, барша қарсыласу майданына және бүкіл Ислам үмбетіне Сейед Насролланың және серіктерінің шәһид  болуларына қатысты көңіл айтамын және исламдық Иранда бес күндік аза тұту жариялаймын. Алла оларды әулиелерінің серіктерінің қатарына қоссын.

 

Алланың салих пенделеріне сәлем

Сейед Әли Хаменеи

1403 ж. 7 меһр (2024 ж. 28 қыркүйек)

Astana Kazakhstan

Astana Kazakhstan

Пікір қалдырыңыз.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: