Халықаралық жаңалықтар
ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шейіт болғаннан кейін, Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өз жолдауында осы ержүрек басшы әрі көрнекті мужахидтің қаза болуына орай Ислам үмбетіне, Қарсыласу майданына және Палестина халқына көңіл айтып: «Қылмыскер лаңкестік сионистік режим бұл әрекетімен өзіне қатаң жазаға негіз дайындады және Иран Ислам Республикасының аумағында шейіт болған тұлға үшін кек алуды өз міндетіміз деп санаймыз» деді.
Аса қамқор әрі мейірімді Алланың атымен бастаймын! Рақымы шексіз Аллаға мақтаулар болсын! Мұхаммед әл-Мұстафаға және оның ең пәк әулетіне, таңдаулы сахабаларына және қияметке дейін ізгі амалдармен соңынан ерушілерге сәлем жолдаймыз! Алла Тағаланың әмірі бойынша қажылық маусымында барша адамдарды Қағбаға шақыратын Ыбырайымның рухты тербететін әуені биылғы .жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген бір топ мұсылманның жүрегін жаулап алды