ҚР Сенат төрағасы Иранның жаңа президентін құттықтады
Иран Президенті Иран мен Қазақстанның ортақ мәдени кеңістікте өмір сүріп жатқанын және аймақтағы мәдени ескерткіштер мен мақтаныштар барлық аймақтық елдерге тиесілі екенін айтып өтіп: «Өңірлік одақ құру қадамы осы ортақ өркениеттік және мәдени кеңістіктегі елдердің арасындағы шекараларды қысқартып, ынтымақтастықты арттыра түседі» деді.
Иран Ислам Республикасының жаңа президенті Масуд Пезешкиан шілде айының 30 күні Иранның он төртінші президентінің ант беру рәсіміне қатысу мақсатында Теһранға келген Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесуінде аталмыш рәсімге қатысатыны және ҚР президентінің құттықтауын жеткізгені үшін алғыс айта отырып: «Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы ежелгі мәдени өзара байланыстар мен ортақтастықтарға негізделген және бүгінгі күні де саяси шекаралар екі елдің бір-бірімен тығыз байланыстағы мәдени және тарихи қарым-қатынастарына кедергі бола алмады» деді.
Пезешкиан екі ел арасындағы, соның ішінде, Иранның шейіт президенті Аятолла Раиси кезінде қол жеткізілген келісімдерге тоқталып: «Аймақ елдерімен ынтымақтастықты нығайту 14-ші үкіметтің сыртқы саяси басымдығы болады және біз міндетті түрде Қазақстанмен жасалған келісімдердің орындалуын жылдамдату үшін бар күшімізді саламыз. Екі елдің экономикалық, сауда алмасу, транзит, мұнай және газ, ауыл шаруашылығы өнімдері, фармацевтика, тауар өндірісі, техникалық-инженерлік қызметтерді экспорттау салаларындағы ынтымақтастық үшін жақсы әлеуеттері бар және алдағы кезеңде бар келісімдерді іске асыруды ілгерілету үшін талпыныс жасаймыз» деді.
Иран президенті сондай-ақ екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдардағы, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК, Еуразиялық экономикалық одақ және т.б. мүше екендігіне тоқталып өтіп, екі ел арасындағы осы ұйымдар шеңберіндегі екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуды жалғастырудың қажет екендігін баса айтты.
Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев та осы кездесу барысында Масуд Пезешкианның президенттік кезеңінің басталуымен құттықтаумен қатар, қызметіне сәттілік тілей отырып, Қазақстан үшін Иранмен байланыстарын арттырудың маңыздылығын қуаттап: «Қазақстан Иранмен экономикалық ынтымақтастық, сауда қатынастары, транзит және тасымалдау, мұнай-газ, өнеркәсіп, мәдени және ғылыми салалардағы қарым-қатынастарды кеңейтуге дайын әрі мүдделі. Қазақстандықтар Иранның мәдениеті және өнерімен бала кезінен таныс әрі ирандық ақындарға ерекше қызығушылық танытады» деді.
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына ықпал етудегі парламенттік қарым-қатынастардың рөлінің маңыздылығына тоқтала келіп, Иранмен қарым-қатынасты нығайтуға көмектесуге дайын екендігін баса айтты. Ол: «Біз Иранды Қазақстанның стратегиялық серіктесі деп санаймыз және екі елдің аймақтық және халықаралық байланыстарын, соның ішінде, ШЫҰ, АӨСШК және Еуразиялық экономикалық одақ сияқты келісімдердің шеңберіндегі ынтымақтастығын кеңейтуге дайынбыз» деді.
Пікір қалдырыңыз.