Астана мәдени өкілдігі жаңалықтары

Астана қаласындағы Мақсұт Нәрікбаев университетінің Ислам құқығы орталығының өкілі Жалғас Сәндібаев Иран Ислам Республикасының мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесуде: «Қазақстан ғалымдарына Иранның ғылыми және академиялық орталықтарында сақталған Фараби қолжазбалары әрі қарай зерттеу үшін қажет», - деп атап өтті.

ИИР-ның ҚР-ғы Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин, Ислам мәдениеті мен байланысы ұйымының Ғылыми және академиялық ынтымақтастық бас басқармасының өкілі Ходжат Ширази және ЕҰУ Экономика және туризм факультетінің деканы Аида Жағыпаровамен кездесіп, ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту жолдарымен қатар экономика және туризм саласы туралы пікір алмасты.

ИИР Елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Филология факультетінің деканы арасындағы кездесуде ынтымақтастық тақырыптары, соның ішінде осы факультетте парсы тілі кафедрасын және Алламе Табатабай университетінде қазақ тілі кафедрасын құруға баса назар аударылды.