Page Number :7
Астана мәдени өкілдігі жаңалықтары
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және Иранның Халықаралық үгіт-насихат басқармасының қолдауымен ел астанасы Нұрсұлтан қаласындағы әл-Фараби мешітінде Құран каллиграфиясының көрмесі өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚМДБ-ның өкілі Нұрлан Қайырбеков, Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Нұрсұлтан әкімдігі діни істер басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты.
Көне иран әдебеиеті мен мәдениетінің асыл жауһарларының бірі Аттар Нишапури мұрасы. Ақынның «Мәнтик әт-Таир» шығармасы түркі халқына XV ғасырда өмір сүрген Әлішер Науаи арқылы жетті деуге болады. Құпияға толы ғажап шығарма мен оның авторы шығыс шайыры әйгілі ирандық ақын Аттар Нишапуридің өмірбаянына қысқаша шолуды назарларыңызға ұсынамыз.