Page Number :5

Астана мәдени өкілдігі жаңалықтары

Мәдени өкіл Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің Наурыз мерекесіне қатысты

Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің Ирантану кабинетінде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған арнайы рәсімге Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин қатысып, сөз сөйледі. Бұл шара парсы тілін үйреніп жатқан шығыстану факультетінің студенттерін Ирандағы Наурыз мерекесінің дәстүрлерімен таныстыру мақсатында өткізілді.

 Астанадағы Иран мәдени өкілдігінде парсының ұлы ақыны Хәкім Низамиді ұлықтау күніне орай шара өтті

Иранның Қазақстандағы мәдени өкілдігінің қолдауымен және парсы тілінің ең ұлы және ең танымал ақындарының бірі Хәкім Низамидің мерейтойын атап өтуге байланысты Иранның мәдени өкілдігінде Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар және Астананың ЖОО-ның бір топ студенттерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.

Иран мәдени өкілі мен ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің төрағасы м.а. кездесті

Иранның мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы м.а. Азамат Белкайыровпен кездесті.

«Фолиант» баспасының басшысы Исабеков Нұрлан және баспа өкілдері ИИР-ның ҚР-дағы мәдени өкілімен кездесті.

Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин Иранның мәдени өкілдігінде «Фолиант» кітап баспасының басшысы, «Еуразия» халықаралық кітап көрмесінің директоры Нұрлан Исабековпен кездесті.

Иранның мәдени өкілі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы кездесті.

Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матин барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлымен кездесіп, пікір алмасты. Нұржан Қуантайұлы Иранның мәдени өкілін қарсы алып, факультет деканы қызметін бастағанын мәлімдеді.

ИИР-ның ҚР-дағы мәдени өкілі мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығының төрағасының кездесуі

Иранның Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Метин Қазақстанның Конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың халықаралық орталығының төрағасы Марат Калижановпен кездесті.

Қазақ ұлттық өнер университетінде Фаджр онкүндігіне орай көрме мен каллиграфия шеберханасын өткізу

Иран Ислам Республикасының Астанадағы Мәдени өкілдігі және Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық өнер университетінде ИИР-дің ҚР-дағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин, Көркем өнер факультетінің деканы Смагулов Арыстан, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Баженеева Сания және Көркем өнер факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Фаджр онкүндігіне орай Моалла каллиграфиясының көрмесі мен шеберлік сабағы өтті.

Мәтінді енгізіп, Enter түймесін басыңыз

Қаріп өлшемін өзгерту:

Сөз аралығын өзгерту:

Жолдың биіктігін өзгерту:

Тінтуір түрін өзгерту: