Дизи (абгушт)- танымал ирандық тағам
Оны негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазіргі ирандықтардың ата-бабалары – көшпелілер ойлап тапқан. Көшпелі халықтың кәдімгі тағамы кәуап болса, абгуштты бір жерде тұрақтанған кезде пісіру ыңғайлы болды. Сондықтан дизилер көшпелілер діттеген жеріне жеткенде, біраз уақыт бір жерге қоныстанған кезде әзірленетін.
Дәстүрлі түрде дизиді әзірлегенде қой еті мен майы, қызанақ (немесе томат пастасы), пияз, картоп және кейбір бұршақ түрлері пайдаланылады. Тамақтану екі кезеңнен тұрады: біріншіден, сорпаның өзі бөлек нанды мала отырып желінеді (бұл кезеңді «талит» деп атайды). Кейін арнайы құралдың көмегімен ет, кейде тағамның басқа да ингридиенттерімен бірге езіледі де нанға жағылып, кейде пияз, дәмдеуіштер мен тұздалған қиярмен бірге желінеді. Шойын ыдыста пісірілген абгушты «Дизи-е санги» деп атайды.
Дәстүр бойынша, дизиді биік сазда немесе тас ыдыста пеште пісіру керек. «Дизи-зарфи» — абгушт пісірілетін арнайы ыдыс. Табалар сияқты заманауи ыдыстардың пайда болуымен дизи-зарфи әлдеқайда аз пайдаланылады. Дегенмен, тек дәстүрлі ыдыс қана осы тағамға ерекше иіс пен дәм береді деп саналады.
Абгуштқа арналған ыдыстардың үш түрі бар: шойын, керамикалық және мыс. Дизиді дайындау үшін ең көп керамикалық ыдыстар қолданылады деп саналады.
Атауы | Дизи (абгушт)- танымал ирандық тағам |
Ел | Иран |